Билік пен азаматтық қоғам тығыз байланыста

«Ақмола Медиа Орталығында» «Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара байланысы. Тиімді серіктестік технологиялары» атты семинар-тренинг болып өтті.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнес-пен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс», – деп мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіруге қатысты бірнеше тұшымды ойларын айтқан болатын. Жергілікті жерлердегі азаматтық сектор өкілдері осы мәселелерді назарда ұстап, мемлекеттік органдар да азаматтық қоғам қалыптастыруға үлес қосулары тиіс.
Жиында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы  Оксана Салахова қазіргі таңда облысымызда 150 үкіметтік емес ұйымның әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс істеп жатқанын, 2006 жылдан бері осы істі мемлекет есебінен қаржыландыру 26 есеге өскенін атап өтті.
Ал, семинарға Астана қаласынан арнайы келген «Камеда» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова қатысушылармен түрлі тренингтер жүргізіп, өзара ынтымақтастық құру жолдарын үйретті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар