Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дамудың жаңа бағыты - АРҚА АЖАРЫ

Дамудың жаңа бағыты

Орталық коммуникациялар қызметінде «Кто есть кто в Казахстане» ақпараттық-баспа жобасының жетекшісі, саясаттану әрі сарапшы Данияр Әшімбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, «100 нақты қадам: жаңа экономикалық перспективалар» тақырыбында әңгіме өрбітті. 

Конференция тақырыбы экономикалық саясатқа негізделгендіктен саясаттанушы ең алдымен ел дамуындағы нақты 100 қадамның маңызына назар аударды.
– Бұл тақырыпқа мен кеңірек тоқталғым келіп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде биыл өткен Президент сайлауының қарсаңында 5 институттық реформаның бағдарламасын жасап, өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізген болатын. Шынында аталмыш бағдарлама ел дамуында үлкен рөл атқаратынын біз ғана емес, халықаралық сарапшылар да кеңінен айтып жүр. Негізі  бұл маңызды шараның алдында Үдемелі индус-триялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші 5 жылдығы мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Мемлекет басшысының Жолдауы жарияланғаны мәлім. Зейін салып, зерделейтін болсақ, бұл ауқымды бағдарламалардың бәрінде өзара сабақтастық бар екенін аңғаруға болады, – деді саясаттанушы.
Сонымен қатар, спикер өткен жылдардағы экономикалық саясатта жіберілген кемшіліктер мен қателіктерге тоқталды. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында осы олқылықтарды енді болдырмау шарасы да қарастырылғанын атап өтті.  
– Президент осыған дейінгі экономикалық даму жолында, әлемдік нарық алаңында жіберілген қателіктерді бұдан былай болдырмау үшін мемлекеттік басқарудың сапасын әлі де арттыра түсу керектігін басты назарға алды. Сөйтіп, мемлекеттік қызмет жүйесінде қатаң реформа жүргізу күттірмейтін шара екенін нығыздады. Әсіресе, қызмет баспалдағымен көтерілетін үміткерлерге қойылатын шарттар бұрынғыдан әлдеқайда ширатыла түсті. Бұған қоса, мемлекет басшысы кадр сапасын арттырудың тағы бір жолы – маман дайындауда мұқият болу қажеттігін айқындап берді, – дей келе,  саясаттанушы елдегі орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық жөнінде де әңгіме өрбітті. Үкімет 5 институттық реформаны тиімді жүзеге асыра білсе, бұл кеселдің жолы тарыла түсетініне кәміл сенетіндігін білдірді.
– Қазір сыбайлас жемқорлық қоғамды жегі құрттай жеп бара жатқандығы мәлім. Кадр сапасын арттыру шаралары талапқа сай атқарылса, жемқорлық аза-йып, ел экономикасы жақсарып,  көлеңкелі бизнестің адымы қысқаратын еді. Бұл үшін 5 институттық реформа мен мемлекеттік даму бағдарламаларын жүзеге асыруға әрбір азамат атсалысуы керек, – деп, сөзін қорытындылады Данияр Әшімбаев.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар