Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күш-жігерімізді салатын боламыз - АРҚА АЖАРЫ

Күш-жігерімізді салатын боламыз

Бүгінгі нарық заманында кез-келген адамның жұмыссыз күн көре алмасы анық. Сол себепті, халықты еңбекпен қамтуға елімізде баса мән беріліп отыр.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев үстіміздегі жылы жария еткен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты маңызды құжатта жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясын одан әрі де жүзеге асыруды айтқан болатын. Ол үшін, ең алдымен, мемлекетке қажетті жұмысшы мамандарды даярлап, жастарды іс-тәжірибеден өткізу ісін жалғастыру маңызды.  
Біздің ауданда да осы мәселе басты назарда тұр. 2011-2014 жылдар аралығында арнайы бағдарлама аясында колледждер мен кәсіптік-техникалық білім беретін мекемелерге оқуға жіберілген жастардың ішінен биыл 28 бала оқуларын аяқтап, соның 19-ы мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылса, ал, бесеуі жастар іс-тәжірибесіне жіберілді. Қалған түлектерді де қыркүйек айына дейін еңбекпен қамтимыз деп отырмыз.
Биылғы жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалардың арқасында 217 бұландылық жұмысқа орналасты. Ал, өткен жылғы көрсеткіш бұдан екі есеге жоғары. Былтыр ауданда екі өндірістік нысан ашылып, бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының пайда болуына септесті. Бірі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы кәсібін өркендетіп жатса, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында еңбек етіп жүрген жастарымыз аз емес. Мәселен, жас маман Ж.Кенжеболатова аудан әкімінің аппаратында қызмет етсе, А.Дүйсенбаева жергілікті прокуратураға жұмысқа тұрды.  
Олардың біразы біздің жұмыспен қамту орталығы мамандарының көмегімен еңбекпен қамтылғандарын айтып өткеніміз жөн. Мұндай нақты нəтижелер, яғни, тұрғындарға пайдасын тигізген қандай да бір көмегіміз – біз үшін зор жетістік болып табылады. Еңбектенсе, əлеуметтің əлеуеті артатынын да жақсы түсінеміз. Сол себепті, алдымызда тұрған міндеттерді соңына дейін орындауға бар күшімізді салатын боламыз.

Света САЙМАНБАЕВА,
Бұланды аудандық
жұмыспен қамту орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар