Қыстан қысылмай шығатындарына сенімді

Биыл аудан бойынша 103 мың тонна, яғни бір жарым жылдық шөп қорын дайындау жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 90 мың тонна шөп дайындалып, маяланды.

Мәселен, Ұзынкөл ауылдық округіндегі Бұғыбай Ізбасаров басқаратын жауапкершілігі шектеулі «Ізбасаров және К» серіктестігі 2 мың тонна шөп дайындады. Пішеншілер бригадасының бригадирі Қайрат Мұхамеджанов өз сөзінде шөптің бітік шыққанын және де әлі жап-жасыл болып жайқалып тұрғанын айтады. Шаруашылық алдымен ауыл тұрғындарын шөппен қамтамасыз етуді дәстүрге айналдырған. Биыл да солай болды. Қазір шөп кәсіпорын қыстағының маңында маялануда. Әзірше жасыл шөп алқабы кеппегендіктен, көпжылдық шөп шабылуда. Бригада агрономы Василий Колесниктің айтуынша, бригаданың құрамында шаруашылықтың озат механизаторлары жұмыс істейді. Сондықтан болар, шөп дайындау жұмысы да қарқынды жүргізілуде. Шалғышылар Бақытжан мен Ибрагим Тәжиндер жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Олардан шөп жинаушы Владимир Дындыков пен Сергей Фогельзан, шөп артушы Аман Шотпаев та қалысар емес. Бригаданың дұрыс ұйымдастырылған жұмысы өз нәтижесін беруде. Енді ұзынкөлдіктер мал қыстатуға шөптерінің жеткілікті екеніне сенімді.
Лидия ЧЕРНЕГА.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар