Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жол – тіршіліктің күре тамыры - АРҚА АЖАРЫ

Жол – тіршіліктің күре тамыры

I. Жуырда облыс  орталығынан 280 шақырым қашықтықта орналасқан Жақсы ауданында болып, өңірдегі жолдардың жағдайын көзбен көріп келген едік.

Жолдардың кез-келген ел экономикасының күретамыры екендігі белгілі. Даму жағынан бағзы заманнан көш басында келе жатқан ағылшындардың: «Жолын көрсет, мен ол мемлекет туралы айтып берейін», – дейтіні сірә, тегіннен-тегін болмаса керек. Өкінішке орай, бізде бұл мәселе алдыңғы емес, көбіне соңғы кезектерге ысырылып қалып жатады. Әсіресе, жергілікті жерлерде. Алайда, бәрі бір лекпен болмаса да, Жақсының жолдары жайлап жөнделіп жатыр.  
Өңір жолдарын қысқаша саралап өтейік. Алматы – Екатеринбург бағытындағы республикалық маңыздағы жолдың  143 шақырымы осы аудан арқылы өтеді. Атбасардан Есілге дейінгі жол тегіс болса, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі 60 шақырым жүргізушілерді мінсіздігімен қуанта алмайды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бахтияр Қасеновтың айтуынша, оның ауданға қарайтын бөлігінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Олай болатын себебі, мұнда «Қазавтожол» акционерлік қоғамына қарайтын жол-пайдалану орталығы бар. Аталған орталық қысы-жазы осы жолды күтумен айналысады. Оның үстіне, онда жылда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады екен. Қос мемлекетті байланыстырып жатқандықтан ба, әйтеуір бұл жолдың жағдайы басқаларына қарағанда тәуір.
Ал, облыстық маңыздағы жолдар жөнінде бұлай деп айту қиын. Өңірде 160 шақырым облыстық маңыздағы жол бар. Аймақты көршілес Жарқайың ауданымен байланыстыратын Жақсы – Державинск тас жолының да жағдайын жаман деп айтуға келмейді. Мұнда да пайда болған  шұңқырлар тегістеліп, жол күтіліп отырады. Өңірді тағы бір көршілес ауданмен жалғайтын Қима – Атбасар бағытындағы жолдың жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде.
Қима – Терісаққан бағыты бойынша да осыны айтуға болады. Ойдым-қырдым жерлері көп бұл жол тегістеуді қажет етіп-ақ тұр.  Қысқы уақытта Қимаға дейінгі бөлік тазартылғанымен, аудан орталығынан ең шалғай, 120 шақырым қашықтықта жатқан Терісаққанға дейінгі аралықта бұл үлкен мәселеге айналады. Бергісіне шаруашылық субъектілері көз қырын салғанымен, арғы бөлікке назар аздау түседі.
Жергілікті маңыздағы 111,2 шақырым жолдың жағдайы алдыңғыларына қарағанда нашарлау. Әсіресе, ауылдар арасындағы және елді мекендердің ішіндегі жолдардың жағдайы көңіл көншітпейді. Дегенмен, ауызды құр шөппен сүртіп отырған билік жоқ. Аудандық бюджеттің қауқары жеткенше қаржы бөлініп,  жолдар бір қалыпқа келтірілуде. Мәселен, биыл Жақсы – Кировский бағытындағы және Тарасовка, Қайрақты ауылдарына баратын жолдар жөнделді.  
Ағымдағы жөндеу жұмыстары тек елді мекендердің аралығындағы жолдарда ғана емес, ауылдардың ішіндегі көшелерде де жүргізілді. Мәселен, Қимада Карл Маркс көшесінің жолдары  қалыпқа келтірілді. Жаңа Қимада Мир, Панфилов, Мәншүк Мәметова көшелері мен елді мекендегі  көше қиылысы жөнделді. «Фолян и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас мердігер болған аталған жобаға  50 миллион теңге көлеміндегі аудандық бюджет қаражаты жұмсалды. Ағымдағы жылдың мамырында басталып, маусым айында аяқталған жол құрылысын қабылдап алушылардың айтуынша, жұмыстың сапасы көңілден шыққан. Қазір асфальтталған жолдар қарапайым қималықтардың барыс-келісін бұрынғыдан жеделдетіп, ауылдардың шырайын кіргізіп отыр.
Бұдан басқа, қазір аудан орталығының Мир көшесінің бойымен ұзындығы екі шақырым 300 метрдей болатын жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.  Бұл құрылысқа жергілікті жұмысшылар тартылыпты.  Солардың бірі – Петропавл қаласындағы орта арнаулы оқу орындарының бірін құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған Норик Ескандерян (суретте) алған білімін тәжірибеде қолданып жатқандығына қуанышты екендігін айтады. Ол өз ауылынан мамандығы бойынша жұмыстың табылғандығына дән риза.
«Жол азабын жүрген білер» демекші, зерттеуіміз біржақты болмауы үшін біз көлік жүргізушілерін де сөзге тартқан едік.  Қайын жұртына қонаққа келген Асыл Еркіновтың айтуынша, өңірдегі  сыртқы жолдар жақсы болғанымен, ауылдардың ішінде асты төмен көліктермен жүру қиын. Әсіресе, аудан орталығындағы Молодежная сияқты көшелерден селкілдемей өте алмайсыз. Тек әкімдік тұрған орталық көше ғана бір көрмек үшін жасалғандай, түп-түзу. Астаналық қонақ қалғандарын да сол деңгейге жеткізсе, жақсылықтардың темір тұлпарлары көпке дейін мінсіз қызмет етер еді деген тілегін де жеткізді.  Тұрғындардан сұрастырып білгеніміздей, Новокиенка, Моховой, Киевский, Калининский, Островский мен Беловод ауылдарының да  жолдары жөндеуге сұранып тұр.
Біздің түсінгеніміз, республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы жолдардың жағдайы да сол деңгейге сай. Маңызы төмендеген сайын сапасы да түсе береді. Себебі, оған жыл сайын бөлінер бюджет те жоғарыдағыдай емес, азая береді.  Бұл сапарға біз тырнақ астынан кір іздеу үшін емес, жолдардың жағдайымен танысу үшін бардық. Сапасы сын көтермейтін жолдары бар Жақсы жалғыз аудан емес. Ол – бар өңірге тән олқылық. Мұнда жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отырады.  Елді мекендердің ішіндегі жолдар да кезең-кезеңмен жөндеуден өткізілуде. Бастысы – мұнда өз міндеттемелерін орындамай кеткен мердігер, құрылысы қысқа қалып, сағыздай созылып жатқан жол жоқ. Бәрі де жоспар бойынша, мерзімінен кешіктірілмей орындалуда. Алдағы уақытта да осы қарқын сақталса, аудан көшелерімен еш қиындықсыз жүйткіп жүрер кез де алыс емес деп ойлаймыз.

 

Перизат ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ

 

Жақсы ауданы.

 II. Биыл Есіл ауданына облыстық бюджеттен 50 миллион теңге көлеміндегі қомақты қаражат жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген болатын.

 

Бас мердігер компания «Мираш-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоба құнын 7,6 миллион теңгеге арзандатып, бұл  өз кезегінде үнемделген қаржыға көшелерді көбірек жөндеуге мүмкіндік беріп отыр.
Қазір аудан орталығында жалпы көлемі шамамен бір жарым шақырымға созылған Макаренко мен Мұңайтпасов көшелерінде жөндеу шаралары аяқталып қалса, Пушкин көшесінде жұмыс əзірше  тоқтап тұр. Бізбен əңгімесінде аудан əкімінің орынбасары Гиммұхамед Сағнаев мұның себебін асфальт төсеуге қажетті сұйықтық битумның жоқтығымен əрі толассыз жауын-шашынның болуымен түсіндірді.
–Пушкин көшесінде жаяу жүргіншілер жолы толық аяқталып тұр. Енді, асфальт төсеу ғана қалды. Келер айдың бесіне дейін барлық жұмыстарды бітірмекшіміз. Сондай-ақ, Бұзылық ауылындағы жолдарға да биылдан қалдырмай жеңіл-желпі жөндеу жүргізу жоспарда бар, –  деді аудан əкімінің орынбасары. Айта кетейік, «Мираш-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатқан жөндеу жұмыстарымен қатар, аталған жолдарда жүргізушілердің жылдамдықты арттырмауы үшін арнайы белгілер де орналастырылған.  Әсіресе, Макаренко мен Мұңайтпасов көшесінің бойындағы  мектеп, бала бақша келушілеріне жаңадан салынған жаяу жүргіншілер жолы өте ыңғайлы болмақ.  
Бір қарағанда теп-тегіс көрінетін бұл жолдардың сапасы сын айтқызбай, алдағы уақытта тұрғындарға шарапатын тигізеді деген ойдамыз.
  Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.
 Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар