Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астық қабылдау кәсіпорындарында мәселе көп - АРҚА АЖАРЫ

Астық қабылдау кәсіпорындарында мәселе көп

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында биылғы жылдың астығын қабылдауға және жөнелтуге өңірдегі астық қабылдау кәсіпорындарының дайындығы мәселесі жөнінде кеңес болып өтті.

  Облыстық басқармалар мен ведомстволар, Қазақстан Фермерлер одағы, «Қазагро» акционерлік қоғамы институттарының облыстық филиалдары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдері, астық қабылдау кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, техника мен қондырғы жеткізетін компаниялардың өкілдері қатысқан кеңесті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасым Итқұсов жүргізіп отырды. Ол биылғы жылы облыс бойынша жинап алынатын ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 4,9 миллион гектарды құрайтынын, оның ішінде 4,2 миллион гектар астық алқабы, 245,2 мың гектар майлы дақылдар жері бар екенін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жұмабек Әбуов баяндама жасады. Оның айтуынша, облыстағы 210 астық кептіргіштің дайындық мәселесіне ерекше назар аударған жөн. Астық қабылдау кәсіпорындарының басшылары астық кептіру үшін жанар-жағармай қорын жасау-
лары қажет. Астық қабылдау кәсіпорындарының директорлары заңнама талаптарын сақтап, астық қабылдауды, кептіру мен тазалауды, сонымен қатар, орақ науқаны басталғанға дейін астық кептіретін қажетті жанар-жағармай көлемінің 30 пайызын қамтамасыз етулері керек. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1,9 миллион тонна астық сыйатын қоймалары бар. Өңірде астық сақтайтын қоймаларды көбейту бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылы Көкшетау қаласында жауапкершілігі шектеулі «Ақмола Бидай» серіктестігінің 24 мың тонна астық сақтайтын кәсіпорны пайдалануға берілді. Жарқайың ауданында сыйымдылығы 150 мың тонна Тастыталды элеваторы қалпына келтірілуде.
Астық қабылдау кәсіпорындары қызметінің тарифтері мәселесіне тоқталсақ, астық қабылдаудың орташа тарифі өткен жылғымен салыстырғанда 5,5 пайызға өсіпті. Дегенмен 22 элеватор бойынша тарифтің шарықтап кеткені байқалады. Осы астық қабылдау кәсіпорнының басшылары астық қабылдау басталғанға дейін қызмет тарифін түсіруді қарастыруы тиіс. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болады. Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдардың құзырына астық қабылдау кәсіпорындары астығының саны мен сапасын есепке алу бойынша заңнаманың сақталуын бақылау тапсырылды. Жүргізілген тексерістер барысында оның қабылдау кәсіпорындарында астықтың жетіспеуі мен оның сапасының нашарлау фактілері анықталды. Астыққа есеп жүргізу тиісті деңгейде емес. Бірқатар астық қабылдау кәсіпорындары астықтың салмағы мен сапасын есептеу кітабын дұрыс жүргізбеген. Осы жұмыстарды өзге мамандар жүргізіп келген. Бұл келеңсіздік заңнаманы бұзып, астық тапсырушылардың құқын шектейді. Жағдайды дереу өзгертіп, жергілікті атқарушы органға уақытында есеп беру қажет. Қазір астықтың саны мен сапасын есептеу мәселесі бақылауда тұр. Заңнама бұзылған жағдайда әкімшілік шара қолданылады. Астық қабылдау кәсіпорнын өткен жылғы астықтан босату мәселесі жаңа астықтың тағдырына байланысты болып отыр.
–  Біздің облыс негізгі астық экспорттаушылардың бірі. Жыл басынан бері астық қабылдау кәсіпорындарынан 1 миллионнан астам тонна астық жөнелтілді. Астық қабылдау кәсіпорындары жақын күндері материалдық-техникалық базаларының 2015 жылдың орағына дайындығын көрсетеді. Бұл мәселеге қатысатын мемлекеттік ведомство, астық қабылдау кәсіпорындары мен астық трейдерлері бірлесе жұмыс істеп, оны тәулік бойы қабылдауды және жөнелтуді қамтамасыз ете алады. Бұл астықты қысқа мерзімде жинап алуға мүмкіндік беріп, жаңа астықтың сақталуын қамтамасыз етеді, – деді бөлім басшысы Жұмабек Әбуов.
«Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының Ақмола филиалы директорының орынбасары Абай Әбдірахманов сөз сөйлеп, жыл басынан бері Қытай мен Ресейге 3164 вагон астық жөнелткендерін жеткізді. Филиалдың қарамағында бұрын 48 локомотив болса, қазір тек қана 29-ы жұмыс істеп жүрген көрінеді. Абай Әбдірахманов өз сөзінде әр астық қабылдау кәсіпорнының өз локомотиві мен таразылары болуы қажеттігін, дегенмен, орақ науқаны кезінде ешқандай мәселе туындамайтынын айтты. Теміржол саласына астық қабылдау кәсіпорындары басшыларының сауалы көп болды. Солардың дені вагонның сапасына қатысты. Тіпті, Астрахан ауданындағы жауапкершілігі шектеулі «Бетеге» серіктестігінің 12 миллион теңгеге сатып алған тақтайы кері қайтарылмапты. Бұдан кейін Қазақстан Фермерлер одағының президенті Әуезхан Даринов сөз сөйлеп көтерілген мәселелерді Үкіметке жеткізетінін атап өтті. «Агроснаб» кәсіпорнының бас директоры Александр Крымсий астық пен майлы дақылдар өңдеудің қазіргі заманғы технологиясымен таныстырса, «Казагромаркетинг» акционерлік қоғамы Ақмола филиалының директоры Алма Жүсіпова 5 мың тонналық астық қоймасы құрылысының шығынын субсидиялау ережесін түсіндірді.
Кеңесті қорытындылаған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасым Итқұсов көтерілген мәселелерді бірлесе отырып, шешу қажеттігін тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Ермұрат ДОСЫМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар