Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді

 Мәжіліске сондай-ақ, Премьер-Министр-дің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов және Ұлттық экономика министрі Е.Досаев қатысты.
Іс-шара барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және басқа да халықаралық шараларға байланыс-ты дайындық мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысы мәжіліске қатысушылардың назарын әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс ықпалдарына аударды.
Нарықтағы конъюктураның нашарлауы-на, ел бюджетінің ахуалына, сондай-ақ,  біздің негізгі экспорттық тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланысты жалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет. Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру керек. Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқынын төмендетуге және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуге тиіспіз.  Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар