Межеден асыруды көздеуде

 Қыстың қамын ойлаған жұрт шөп науқанында ұтымды еңбек етуде. Шаруалар «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, қыс мезгілінде шөптен қысылмас үшін  еңбек өнімділігін арттыра түскен.

  Ауданда ортақ істен шеткері қалған бірде-бір шаруашылықты таппайсыз. Өңірдегі «Мустанг» және «Милена» шаруа қожалықтары жақсы жұмысымен көзге түсуде.  Аталған шаруашылықтың басшылары Елена және Виталий Любимовтар  аз уақыттың ішінде науқанды тез әрі сапалы жүзеге асыруды межелеп отыр. Ағымдағы жылы шабындықтағы шүйгін шөп жоспарды асыра орындауға мүмкіндік тудыруда. Бір гектардың берекесі 10 центнерден айналды. Бұл  шөпшілердің еңбегі ақталды деген сөз. Шабындықта  жаңа техника іске қосылып, жұмыста уақытты ұтуға көмектесті.
Жалпы ауданда шөп науқанының көрсеткіштері жаман емес. Қазіргі уақыттың өзінде бір жарым жылдық қажеттілік жоспары жүз пайызға орындалған. Бұл 74,7 мың тоннаны құрап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар