Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір көшенің тарихы - АРҚА АЖАРЫ

Бір көшенің тарихы

Анықтамалық кітапты ақтарып отырып, Кан Де Хан деген көше атауына тап болдым. Мұқият қарап едім, ол көше Шортанды ауданына қарасты Новокубанка ауылында орналасқан екен.

Ол көше не себепті солай аталғанын білу мақсатында қолыма ұялы телефонымды алып, ауылға хабарластым. Даусы бейтаныс әйел адам тұтқаны көтерді. Қайдан, не себепті хабарласып тұрғанымды айтып, көше атауының тарихы жайлы сұрадым. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Ивановна бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Сөйтсек, Кан Де Хан деген атау ауыл көшесіне жайдан-жай беріле салмаған екен.
Кан Де Хан Новокубанка селосының игілігі үшін ұзақ жыл бойы еңбек етіп, колхоз төрағасы қызметін атқарған, Социалистік  Еңбек Ері атағына ие болған адам. Көптеген өзге ұлт өкілдері секілді ол да 1930 жылдары сонау Қиыр Шығыстан Қазақстанға күштеп жер аударылған. Туған жерін еріксіз тастап кетсе де, екінші Отанына айналған қазақ жерін ешқашан жатсынбағанын ардагерлер кеңесінің төрайымы Людмила Ивановна ерекше тебіреніспен еске алды.
–Ауыл тұрғындары оны Дмитрий Хасенұлы деп атайтын. Сондай ақкөңіл, ақжарқын мінезді Кан мырза мұнымызға ешқашан қарсылық танытпаушы еді. Өзінің 96 жыл ғұмырында
ауылдастары үшін көп жақсылық жасады. Осыны ескере отырып, өзі тұрған бұрынғы Школьная көшесін Кан Де Хан деп атауды өтініп, аудан әкімдігіне хат жаздық. Олар бір ауыз сөзімізді аяққа тастамады, – деп өтініштерін құп алғанын айтты. Осылайша ол көшені новокубандықтар 2009 жылдан бері атпал азамат болған жерлестерінің есімімен атап келеді.   
Қазіргі таңда Новокубанкада он шақты ұлт өкілдері тұрады. Соңғы кездері Германияға қоныс аударып жатқан немістер көбейсе, керісінше оралман ағайындар ауылға ат басын бұрып, осы жерге тұрақтап жатқан көрінеді. Осы орайда, әңгімемізге арқау болған Кан Де Хан көшесі мұндағы тұрғындарды байланыстырып тұрған береке мен бірліктің, татулықтың символы іспеттес. Өйткені, ол орталық көше болғандықтан, көпшіліктің түйісетін жері осы.
Облысымызда қанша көше барын білсек те, олардың қалай пайда болғанын түсіну үшін түйсігіміз жете бермейтіні рас. Енді, міне, Новокубанкада кәріс азаматының құрметіне аталған көше бірліктің нышанына айналғанын білдік.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Новокубанка ауылы,
Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар