Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Марафоншы желаяқтар - АРҚА АЖАРЫ

Марафоншы желаяқтар

Бүгінгідей дамыған заманда адамдар ұшақ, тікұшақ, автобус не жеңіл көлікпен жүруді әдетке айналдырды ғой. Алайда, арамызда мыңдаған шақырымдарды жүгіріп өтіп,  елімізде өтер айтулы шаралар қарсаңында марафондар ұйымдастыратын жандар да бар. Щучинск қаласының тұрғындары Балғабай Құлпейісов пен Қалибек Әбіл – сондай желаяқтар санатынан.

Кезінде жаугершілік замандарда парсылар мен гректер соғысып, гректер жағы жеңіске жеткен екен. Сонда қуанышы қойнына сыймаған сол елдің азаматы ұзақ жерді жүгіріп барып, елінен сүйінші сұраса керек. Марафондар тарихы осы кезден басталады деген аңыз бар. Бірақ, біздің ауыз әдебиетімізде де «желаяқ» деген кейіпкердің желдей есіп жүретіні бар. Демек,  жер танабын қуыратын жүйріктік бізге де жат емес. Ал, мына ағаларымыз – солардың жалғасы іспеттес.
Украина, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түркия сияқты әлемнің бірқатар мемлекетінде ұйымдастырылған марафондарға қатысып жүрген бұл желаяқтардың есімдері спортшылар арасында кеңінен танымал. Олар жүгіру үшін емес, сол жолда тарих, әдебиет пен мәдениет жөніндегі ойларымен бөлісу үшін де жолға шығады. Мәселен, былтыр хан Абылайдың 300 жылдығына орай қос желаяқ біздегі Абылай хан алаңынан елордадағы «Қазақ елі» монументіне дейін қолдарына еліміздің көгілдір туын ұстап жүгіріп өтті. Ал, ол кез нағыз күн қызып тұрған жаз айы еді. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде Қостанайдан Торғайға дейін, ер түріктің бесігі болған Түркістанның 500 жылдығы, Жәнібек батыр тойы қарсаңында да марафондар өткізді. Тұңғыш Президент күніне орай олар жыл сайын марафон ұйымдастыруды әдетке айналдырған.
Екі желаяқ әдетте алма-кезек ауысып отырып жүгіреді. Күніне шамамен кем дегенде 100 шақырым жолды жүгіріп өтеді. Кейіпкерлеріміз  атақ, даңқ қуып емес, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу  мақсатында  осы іспен айналысып жүр. Балғабай Көпжасарұлы алпысқа, Қалибек Исламұлы ердің жасы елуге таяп қалса да, олар әлі жүгіруді тастағылары жоқ. Керісінше, спорт олардың өмір сүруге деген құлшыныс-
тарын арттырып, жаңа жеңістерге жетелеуде.
Мұндай желаяқтық оларға қайдан дарыды дер болсаңыз, Қостанай облысының Наурызым жерінде туған Балғабай ағаның  ауылында «Көкдөнен» деген бүркеншік аты бар, елге мәшһүр  Қайырбай деген қарт болса керек. Әулиелігімен көпке танылған ол бесін намазын үйінде отырып оқып, құптан намазын  Меккеде оқиды екен. Әдемі аңыз. Талайлардың  таңданысын тудырған әлгі кісі өзіндей болсын деп, бала Балғабайдың аузына түкіреді. Содан ба, әлде  тынымсыз еңбектің арқасы ма,  әйтеуір, ол ылғи түрлі марафондарда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Кейін өзінің соңынан Қалибек Исламұлын ертіп, оны да желаяқшылар санатына қосты.  Мектептер мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының шәкірттерін де осы іске баулудан танған емес.  Себебі, ұлт саулығын  салауатты өмір салтын ұстануға тікелей байланыс-ты екендігін ол жақсы біледі. Желаяқтардың ендігі көздегені – Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Көкшетаудан Қарағандыға дейін 550 шақырым жолды жүгіріп өту. Ендеше, елжандылықтың айрықша үлгісін көрсетіп, мемлекетіміз үшін айтулы шараларды атап өтуге өздерінше үн қосып жүрген азаматтардың деніне саулық тілейміз. Өз бастамашылдықтарымен баршаға үлгі-өнеге көрсетер, көк Туымызды желбіретіп, жердің түбіне дейін баруға даяр осындай патриот ағаларымыз  аман болғай.

 

Перизат БӨЛЕКОВА

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар