Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІНЕ МОЙЫМАҒАН - АРҚА АЖАРЫ

ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІНЕ МОЙЫМАҒАН

Вадим Дуккардтың  рухының мықтылығына тәнті боласың

Бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан спортты жанына жақын еткен, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 9 дүркін чемпионы, зілтемір көтеруден республика рекордын бірнеше рет жаңартқан  Ақмол ауылының тұрғыны Вадим Дуккардтың өмірге деген құштарлығына, еңбексүйгіштігі мен қажыр-қайратына таңданбасқа болмайды.

 

…Механизатор жанұясында дүниеге келген Вадим ауылдағы өзге қатарластары сынды ауыл шаруашылығының қым-қуыт тірлігімен жастайынан таныс болды. Соның әсері болар, ол кәсіптік-техникалық оқу орнында білім алып, диқандық жолын бастаған еді. Светлана есімді қызға үйленді, үйлі-баранды болды.
Өкінішке орай, 2000 жылы жазатайым төбеден құлап, аяқтары жүруге келмей мүгедек болып қалды. 27 жастағы алпамсадай жігітке бұдан артық соққы болар ма?.. Талай түндер ұйқысыз өтті, қайғы-уайым жанын жегідей жей бастады…
Міне, осы сәтте оған жанұясы, ата-анасы үлкен тіреу болып, үнемі қолдан келген көмектерін аямауға
тырысты. Бірақ, оның бәрі алғашқыда жай ғана жұбаныш көрінетін.
– Бірде әкем мүмкіндігімше спортпен айналысып, бұлшық еттерімді қатайтуға кеңес берді, – деп еске алады Вадим Иванович. – Алғашқыда ақырындап гантель көтеріп, бірте-бірте салмақты көбейтуге
тырыстым. Әсіресе, әкемнің мен үшін арнайы жасап берген қондырғысы көп көмек болды.
Әрине, жас кезінде спортқа онша әуес болмаған жігіт үшін оған ден қою оңай болған жоқ. Уайымға беріліп жата бермей, денесін шынықтырумен айналыса бастаған Вадимнің уақыт өте үлкен спортқа араласамын деген ойы да болған жоқ еді.
Дегенмен, бәрі басқаша болып шықты. Алғашқы нәтижелер байқала бастаған соң Астанаға барып мүгедектер арасында өткізілетін жарыстарға қатыса
бастады. Ал, 2002 жылы Қарағанды қаласында өткен республика чемпионатында 75 килограмға дейінгі салмақ дәрежесі бойынша 70 кило зілтемірді бағындырып, бірінші орынды иеленді. Күніне екі сағаттан екі рет жаттығатын Вадим мұнан соң 2003 жылы Павлодар қаласында өткен жарыста 105 кило, 2004 жылы Алматыда өз салмақ дәрежесінде 115 кило зілтемірді көтеріп, жеңімпаз атанды.
2006 жылы Малайзияда өткен Қысқы Азия ойындарында 95 килограмға дейінгі салмақта 130 килограмм зілтемірді басынан асырып, 6-ыншы орын алды. Мұнан кейін 2007 жылы Талдықорған қаласында өткен Параолимпиадалық ойындарға қатысып, 135 килограмды бағындырды. Өкінішке орай, сол жылы денсаулығы ептеп сыр беріп, екі жыл үлкен спорттан қол үзе тұруға тура келген еді.
Ал, 2009 жылы облыс орталығы Көкшетау қаласынан белгілі бапкер Василий Шаманский арнайы келіп, Вадимді өз қамқорлығына алып, ол енді Ақмола облысының намысын қорғай бастады.
Міне, Вадим Дуккардтың  спорттағы жетістіктеріне назар аударар болсақ, бірнеше рет Қазақстан республикасының рекордтарын жаңартқан талантты спортшы.

 

Талғат ҚАСЕН

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар