Облыстық мәслихатта өткізілген өңірлік сараптамалық топтардың отырысында көпшілікті толғандырған баспана мәселесі қаралды.
Жиын барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Жүсіп сөз алып, аймақта пәтер кезегінде тұрған тұрғындар санын азайту бағытында жүйелі жұмыстардың атқарылып келе жатқандығын атап өтті. Үйлердің көптеп салына бастауы-на «Қолжетімді баспана» мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларының тигізіп отырған ықпалы мол. Сондай-ақ, отырыста Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінің облыстық филиалы басшысының орынбасары Нұрлан Әлібеков сөз алып, банктің пәтер кезегінде тұрғандарды баспанамен қамтудың ең тиімді шарттары ұсынылып отырғандығын айтты.
Сараптамалық топтардың мүшелері жауапты тұлғалардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.