іске сәт, ақмолалық диқандар!

Енді санаулы күндерден кейін облыста ауыл еңбеккерлері үшін жауапты науқан – егін орағы басталады. Бұл күзгі дала жұмыстарына аудандар, өңір диқандары мен шаруашылықтары қандай дайындықпен келіп отыр?

Осы маңызды мәселелердің бәрі ертең, тамыздың 19 жұлдызында 2015 жылдың орақ жұмыстарын ұйымшылдықпен, сапалы өткізудің алда тұрған іргелі міндеттері кеңінен талқыланатын облыс агроөнеркәсіп кешенінің дәстүрлі кеңесінде жан-жақты сөз болмақшы. Маңдай термен өсірілген мол ырыздықты ысырапсыз жинап алудың озық тәсілдері қарастырылып, алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы құрылымдары өз іс-тәжірибелерін ортаға салатын және күзгі ауа райының ерекшеліктері де айтылмай қалмайтын бұл кеңеске облыс әкімі Сергей Кулагин қатысып, сөз сөйлейді деп күтілуде.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар