Уақыт асықтыра түсуде

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин өңірдің шұғыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Есіл ауданындағы Калачи селосының тұрғындары және Целиноград ауданындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысы жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде  тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Бұған қоса, өңір басшысы аудандардың әкімдері мен салалық құрылымдардың басшыларының назарын Калачи селосындағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау және алдағы егін орағына, қысқы жылу беру маусымына әзірлік жұмыстарын ширату, жолдарды жөндеу сияқты кезек күттірмес шаруаларды қатаң бақылауда ұстау мәселелеріне аударды.
Алдағы екі аптада С.В.Кулагин жұмыс сапарымен Целиноград, Сандықтау аудандарына баруды жоспарлап отыр. Сандықтау ауданында ол облыстың агроөнеркәсіп қызметкерлерінің кеңесіне қатысады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар