Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық шаралар қарастырылуда - АРҚА АЖАРЫ

Барлық шаралар қарастырылуда

Облыс әкімі Сергей Кулагин Үкіметтің ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберу мәселесі қаралған селекторлық отырысынан кейін жұмыс кеңесін өткізіп, тиісті қызметтер басшылары мен аудан, қала әкімдерінің алдына бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілмеуі жөнінде шұғыл міндеттер қойды.

Облыс әкімі өз сөзінде Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының әлемдік дағдарыстың алдын алу, экономиканың тұрақтылығын сақтап, халықтың тұрмыс деңгейін бірқалыпты ұстауға бағытталған қажетті шара екендігін атап көрсетті. Теңгенің еркін жіберілуіне байланысты бастапқы кезде болатын кейбір көңіл-күйлердің әсерімен бағаның негізсіз өсірілуіне ұмтылыстардың болуы мүмкін. Тиісті ведомстволар мен мемлекеттік органдар алғашқы сәттен бастап бұл мәселені өз бақылауларында ұстап, сауда орындарында бағаның көтерілуіне жол бермеулері керек.
Теңге бағамының еркін жіберілуіне орай, облыс әкімінің өкімімен жоғарыдағыдай жағдайлардың алдын алу үшін облыстық штаб құрылды. Құрамына түрлі ұйымдар мен мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері кіретін бұл штаб сағат сайын және күнбе-күн азық-түлік бағалары мен басқа да тауарлардың бағасына мониторинг жүргізіп отырады. Осындай штабтар барлық аудандар мен қалаларда да құрылып, жергілікті жерлерден баға жөніндегі бүкіл ақпарат облыстық штабқа келіп түседі. Бағаның негізсіз көтерілуіне жол берілген жағдайларда бірден тексеріс жүргізіледі.
Облыста баға тұрақтылығын сақтау үшін жалпы құны 25 миллиард теңгеге пара-пар азық-түлік өнімдерінің қоры жасалды. Бұл жұмыс одан әрі де өз жалғасын таба түсуде. Әзір халық абыржитындай негіз жоқ. Ұлттық банктің хабарлағанындай, теңгенің долларға шаққандағы еркін бағамы 5-7 күн ішінде орнайды. Бүгінгі таңда көпшілікті ойландырып отырған осы мәселелерді саралай келе, облыс әкімі өңірде жаңа ақша-несие саясатының ойдағыдай қалыптасуы үшін барлық шаралардың қарастырылатынын мәлімдеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар