Кеше Зеренді ауданында Кеңес Одағының Батыры, академик-ғалым, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар болып өтті.
Алдымен, тойға жиналған зиялы қауым өкілдері аудан орталығындағы даңқты тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан әрі батырдың мерейтойы аудандық мәдениет үйінде жалғасын тауып, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жиналғандар алдында қазақ халқының біртуар перзентінің өмір және еңбек жолы, соның ішінде майданда зұлым жаумен шайқаста көрсеткен ерен ерлігі туралы сөз сөйледі.
Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиев, батырдың қызы Майдан апамыз бастаған жұртшылық өкілдері Мәлік Ғабдуллиннің туған топырағы – Қойсалған ауылына бет алды. Мұнда мерейтой одан әрі жалғасып, түрлі шаралар ұйымдастырылды.
(Мерейтойдан жазылған материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).