Дұрыс бағыттың жолы осы

Күні кеше елімізде теңге бағамына қатысты өзгерістер болғаны баршаға мәлім. Осы мәселенің ел арасында да екіұдай пікір тудырып жатқаны белгілі.

Алайда, менің айтпағым, мемлекетіміз әлем елдерімен қарым-қатынаста болғаннан кейін экономика, басқа да салаларға оның әсері тимей қоймайды. Ұлттық валютамыз теңгені  еркін айналымға жіберуге мәжбүр болғанымыз сондықтан.
Мемлекет басшысы бұл жөнінде: «Барлық мүмкіндікті қарастыра отырып, теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізу және инфляциялық таргеттеуге өту ең дұрысы болып отыр. Турасын айту керек, бұл қадамға баруға мәжбүр болдық, бүгінде мұның өзге баламасы жоқ», – деген болатын.
Яғни, ешқандай шараны қолға алмасақ, елде өндіріс көлемі төмендеп, жұмыс орындары қысқарып, валютамыз, яғни, қорымыз «күйіп кетер» еді. Мінеки, еліміздің алтын-валюта қоры таусылып, мемлекет құрдымға кетпес үшін Президент осындай шешімге келді.
Ең бастысы, бұл іс-әрекетіміз еліміздің дамуына оң ықпал етіп, жаһанды жайлаған дағдарыс заманында халықтың әл-ауқатының әлсіреп қалмауына септессе игі.

Нұрлан ШАЛҒЫМБАЕВ,
 Қорғалжын аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар