Сыртқа шығарылатын астыққа – жаңа талаптар

Облыстық әкімдікте өткен техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штабтың отырысында «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы» Кедендік одақтың техникалық регламентінің жобасы талқыланды.

Өңірлік штаб мүшелері, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, бизнес қауымдастық пен облыстағы сынақ орталықтарының өкілдері қатысқан жиынды Техникалық реттеу және метрология комитеті Ақмола облысы бо-
йынша департаментінің бөлім басшысы Айгүл Ахтаева ашып, жүргізіп отырды. Ол кіріспе сөзінде бүгінгі таңда Кедендік одақтың 35 техникалық регламенті қолданысқа енгізілгенін жеткізді.
Басқосу барысында осы департаменттің бас маманы Лариса Дамер сөз алып, астықты сақтау, кептіру  талаптарына тоқталды. Аталмыш техникалық регламент  тоғыз баптан тұрады. Импортталатын астықты жеткізуге арналған шарттарда оның түрін, өндіруші кәсіпорынның атауын, сақтау мерзімі жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат өніммен ілесіп жүруі қажет. Астық экологиялық, құрылыс, өрт, санитарлық, фитосанитарлық талаптарға жауап беретін, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін астық сақтау қоймаларында сақталады. Қоймалардың аумағы қоршаулы және зиянкестерден залалсыздандырылған болуы қажет.
Бұдан кейін «Республикалық ветеринарлық зертхана» мекемесі азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің меңгерушісі  Әділбек Тоқбергенов сынақ зертханасының қажетті құрылғылармен жабдықталуы жөнінде кеңінен әңгімелеп берді. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың басынан Кедендік одақтың техникалық регламенті негізінде  85 есеп беріліпті. Бұл мақсатта зертхана ТА-07,
полярограф АВС кешендерімен толық жарақтандырылған. Ал, жауапкершілігі шектеулі «Палата» серіктестігіндегі сынақ орталығының меңгерушісі  Марал Жұматаева өз баяндамасында зертхананың жұмысына жан-жақты тоқталып өтті. Он жеті жыл бойы  астықтың сапасын тексерістен өткізіп отырған зертхана техникалық талаптарға сай  зерттеу жүргізеді. Айта кетерлігі, 2014-2015 жылдары мұнда астық қауіпсіздігін бақылау нәтижелері бойынша 1438 хаттама толтырылған.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер мен қабылданған шешімдердің орындалуы бақылауға алынатын болды. Отырыс қорытындысында қатысушылар өздерін тол-ғандырған сұрақтарын қойып, түйткілді мәселелер жөнінде келелі әңгіме өрбітті.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар