Бабалардың сара жолы

Әр халықтың өмірінде ұмытылмайтын, есте мәңгі қалатын маңызды тарихи оқиғалар бар. Биыл Керей мен Жәнібек хандар бастап құрған Қазақ хандығына 550 жыл толып отыр.

Бұл тарихи оқиғаның еліміздің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше. Біз хандық тарихынан жеке мемлекет құру барысында мол тәжірибенің болғандығын байқаймыз. Қазақ хандығының ХVІІІ  ғасырдағы тарихында хан Абылайдың да рөлі өте зор.  Ол өз кемеңгерлігінің арқасында ішкі және сыртқы саясатты ұтқыр жүргізе білді.  Ресей мемлекетімен арадағы қарым-қатынас  дәл осы кезде жаңаша өрби бастады. Қытаймен  сауда-саттық  жандана түсті. Абылай хан ел басқарған тұста қасиетті Көкше аймағы да көпшілікке кеңінен танылды. Осы жерде ол өз Ордасының шаңырағын көтеріп, жоңғар шапқыншылығына қатысты үш жүздің басын қосты. Түптің-түбінде қазақ жерін толық азат етуге де қол жеткізді. Ендеше, осындай бай тарихымызды баршаға көрсете білу, хандық тарихымыздың мерейтойын тойлау – біздің рухымыздың асқақтап, елжандылық сезіміміздің арта түсуіне септесуге тиіс. Ел көлемінде өтетін ғылыми-теориялық конференциялар, айтыстар, түрлі жанрда түсірілетін фильмдер, театр қойылымдары, бәрі жастарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің таптырмас құралдары болуға тиіс.
Осы тарихи оқиғаға байланысты біздің мекемеде де арнайы іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған. Мектебіміздегі қазақ тілі пәнінің ұстаздары Серік Құсайынов, Мақпал Бекетова, орыс тілі пәнінің оқытушысы Досжан Сыздықов, тарих пәнінің мұғалімі Ержан Ералинов, орта буынның сынып жетекшілері Гүлнәр Жүсіпова, Галина Коновалова, Айнагүл Әубәкірова сабақтан тыс шараларды көптеп ұйымдастырып жатыр. Тарих кабинетіміз хандар мен батырлар портреттерімен безендірілді. Көрме,  викторина, сайыс, сабақтар жазасын өтеушілердің төл тарихымызды танып-білуге деген құлшыныстарын арттыра түсуде.
Мұрат ДАНЫБАЕВ,
ЕЦ-166/25 мекемесіндегі кешкі мектептің
тарих пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар