13 қыркүйек – отбасы күні

Құрметті ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды күздің молшылығымен бірге келген жарқын мереке – Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отбасы – қоғамымыздың негізін құраушы маңызды институт болып табылады. Халқымыздың бойына біткен қонақжайлылық, үлкенге деген құрмет, туған жерге деген махаббат, толеранттылық секілді барлық ізгі қасиеттер ұрпақтан ұрпаққа отбасылық дәстүр арқылы беріледі. Қоғамда өз орнымызды тауып, ақ пен қараны ажырата білуде жанұядан алған жылылықтың маңызы өте зор. Өйткені, адам баласын мейірімділікке, жақсылыққа үйрететін осы ыстық ұямыз.
Егемен еліміз, соның ішінде киелі Ақмола, көрікті Көкше жері бірлігі бекем, татулық пен достықта өмір сүріп жатқан отбасыларымен қашан болсын,  ерекше  мақтана алады. Отбасылық құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтай білетін жас жұбайлар, көпбалалы жанұялар әрдайым біздің мерейіміз. Үстіміздегі жылы үш жарым мыңнан астам жас отау шаңырақ көтерсе, шамамен алғанда, сегіз мың бала дүниеге келді. Ал, көпбалалы отбасылар саны 7926 отбасын құрап отыр.  «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» алқаларымен және  бірінші, екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналар қатары да жыл санап көбейе түсуде.  
Бүгінде 740 мың ақмолалықтардың бәрі бір отбасындай, еліміздің өркендеуіне белсене атсалысып, мемлекетіміздің ХХІ ғасырдағы  даму баспалдақтарының жоғары болуына лайықты үлестерін қосуда.  Осындай қуанышты күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шынайы бақыт тілеймін. Әр үйде бақ қонып, қыдыр дарып, қуаныш пен шаттық шалқысын.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды Отбасы күні  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашаққа игі қадамы. Отанға деген сүйіспеншілік те отбасынан басталмақ.  Яғни, отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы алтын көпір болып қала бермекші. Әсіресе, біздің қоғамның аса бір өнегелі негіздерінің бірі – мықты да сенімді отбасын құрып отырған көпбалалы отбасыларына ерекше ризашылығымды білдіргім келеді
Облысымызда осындай шаңырақ иелері көбейіп, олардың ортасында еліміздің ертеңі – жас жеткіншектеріміз де алаңсыз өсіп-өне берсін. Әрбір отбасына құт-береке қонуға жазсын. Сіздерге зор денсаулық, амандық-саулық, отбасында баянды  бақыт тілеймін!
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Дулат НҰРМОЛДИН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар