Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үш айлық қоры бар - АРҚА АЖАРЫ

Үш айлық қоры бар

«Ақмола Медиа Орталығында» облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әміренов әлеуметтік маңызы зор тауарлар мен қызмет бағасының негізсіз өсуіне байланысты жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралар жөнінде баспасөз мәслихатын өткізді.

–Ұлттық валюта бағамының өзгеруі жарияланғаннан кейін тауарлар мен қызмет бағасының негізсіз өсуін болдырмау және тұрақтандыру бойынша өңірлік жедел штаб құрылды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жұмыс органы болып табылады. Бағаға мониторинг жүргізетін жауапты мемлекеттік және өкілетті органдар бекітілді. Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлікке, энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарифке мониторинг жүргізеді. Көтерме және бөлшек сауда операторларымен кеңес өткізіліп, жергілікті атқарушы органдар мен әртүрлі кәсіпорындар арасындағы меморандумға қол қойылды,– деді өз сөзінде ол. –Жыл басынан бері  бағаны негізсіз көтермеу жөнінде 992 меморандумға қол қойылған. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 360 жәрмеңкесі өткізілді. Мұнда сатылатын тауарлар бағасы базардағы бағадан 15-25 пайыз төмен. 19 қыркүйекте Бұланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің және Көкшетау қаласындағы өңдеуші кәсіпорындар өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы күріш, қант, қарақұмық, өсімдік майы, сәбіз бен пияз сияқты әлеуметтік маңызды тауарлардың негізгі түрлеріне тұрақты қор құру жұмысын жүргізуде. Бұл осы тауар түрлері көлемінің азаймауына ықпал етеді. Бүгінгі таңда мониторинг бойынша тауарлардың жетіспеушілігі байқалмайды. 2196 тонна ұн, 9904 тонна ет және ет өнімдері, 5235 тонна сүт өнімдері, 2,9 миллион дана жұмыртқа, 6421 тонна картоп пен көкөніс, 361 тонна макарон өнімдері, 83 тонна шай, 516 тонна қант және 340 тонна тұз қоры бар. Бұл азық-түлік тағамдары үш айға жететін көрінеді.
Соңғы кезде қант, күріш, құс еті мен жұмыртқа қымбаттады. Қант бағасының өсуі валюта бағамының өзгеруіне байланысты болып отыр. Жағдайды тұрақтандыру үшін «Орталық Азия қант корпорация-сы» серіктестігінен облысқа қант тасымалдайтын екі оператор бекітілді. Жұмыртқаның қымбаттауы маусымдық мезгілге байланысты. Күріш өзге өңірлерден, құс еті шетелдерден тасымалданады. Күз айларында картоп пен көкөніс бағасы арзандайды. АИ 92/93 және АИ 95 бензині қымбаттады. АИ 80 бензині мен дизель отынының бағасы өскен жоқ. Бүгінгі таңда облыстағы жанар-жағармайдың қоры 89 мың тоннаны құрайды. Қор осы айдың аяғына дейін жетеді.Теңге бағамының өзгеруіне байланыс-ты тұрмыстық техникалардың бағасы 2-4 пайызға көтерілді. Әзірге қызмет түрлерінің бағасы өзгерген жоқ. Мониторинг күніне екі рет жүргізіледі.
Бұдан кейін басқарма басшысының орынбасары қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар