Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қырмандағы қызу еңбек - АРҚА АЖАРЫ

Қырмандағы қызу еңбек

Ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланып қалуға тырысқан аудан диқандары егін орағын қызу  жүргізуде. Бұл күндері дала төсі дүбірге бөленуде.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша өңірде 112 мың гектар алқаптың бидайы шабылып, 101 мыңы бастырылды. Қамбаға 1200 тоннадан астам тұқым құйылды. Егіннің орташа   шығымы гектарына 9,1 центнерден айналуда. Науқанға барлығы 540 комбайн, 380 трактор, 270 автомобиль  жұмылдырылуда.
Ауданымызда егін орағын алғашқылардың бірі болып бастаған   «Армавир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылы  19346 гектар алқапқа бидай, 377 гектар арпа екті. Серіктестіктің бас агрономы Александр Терещенконы қырман басында жолықтырып, сөзге тарттық.
– Маңдай термен бейнеттеніп өсірген ел ризығын, шашпай-төкпей  жинап алу  бәрімізге ортақ міндет. Қазіргі таңда серіктестікте  
20 мыңға жуық гектар алқаптың егіні орылып, бастырылды. Әр гектардан орта есеппен  11,7  центнерден өнім алынуда, – дейді бас агроном.
Серіктестік негізінен астықтың «Омбы-28» және «Ақмола-2»  тұқымдық  сұрыптарын   себумен айналысады. «Диқан жерім дейді, жер үшін ерінбейді» дегендей  механикалық қырманда тынбай еңбектеніп жүрген қойма меңгерушісі Людмила Лепякина мен Любовь Наполова, Николай Левко, Бейбіт Рысаев, Вячеслав Наполов тәрізді жұмысшылардың ширақ қимылының арқасында жаңа соғылған астық жауын-шашынға ұшырамай уақытылы тазаланып, қамбаға құйылуда.
Астығы тау-тау болып үйіліп жатқан қырман басында жұмысшылар екі ауысыммен еңбек етуде. Серіктестік биылғы жылы қырманға  Ресейден шыққан жаңа «БИС-100» бидай тазалайтын машинасын  сатып алып, пайдасын көріп отыр. Бұл машинаның артықшылығы сағатына 100 тонна бидайды тазалауға мүмкіндігі бар. Онда тазаланған бидай «САД-50» аппараты  арқылы екінші рет өңдеуден өтіп, қоймаларға жеткізіледі.
Әр күні санаулы егін орағының ырғалып-жырғалып жүруді көтермейтінін диқандар жақсы біледі. Сондықтан, егіндікөлдіктер жұмыс қарқынын арттырып, науқанды қысқа мерзім ішінде аяқтауды көздеп отыр.
Гаухар ТҮСІПБЕКОВА.
Егіндікөл ауданы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар