Науқанды аяқтағандар бар

Биыл аудан диқандары 445,9 мың гектар алқаптың дәнді және бұршақ дақылдарын жинап алулары керек. Әзірге барлық астықтың 68,5 пайызы жинап алынды.

Аудандық ауыл шаруашылығының бас маманы Серікбай Тоқмағанбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда 19 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 54 шаруа қожалығы дала жұмысын қарқындата түскен. Егін орағына 450 комбайн қатысуда. Диқандар 323,2 мың гектар алқаптың егінін орып, 305,5 мың гектардың алтын астығын бастырды. Әзірше, орташа өнімділік 9,1 центнерден айналуда. Гектарынан 12 центнерден өнім алған «Агро-Олдиви» серіктестігі жауапты науқанды аяқтады. «Новоприречный» және «Орион-Плюс» компаниясы» серіктестіктері мол өнім алуда. Аталмыш серіктестіктердің диқандары жұмыс қарқынын үдете түскен. Олардан астықтың
71 пайызын жинаған «Шыңғысхан» серіктестігі қалысар емес.
Ләззат ЖОЛДЫБЕКОВА.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар