Ұлтты тілі танытады

«Достар» мәдениет сарайында Қазақстан халқының Тілдері күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өткізіліп, тіл жанашырларына құрмет көрсетілді.

Жиналыста облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин сөз сөйлеп, жиналғандарды Тілдер күнімен құттықтады.
– Елбасының 2003 жылдың 15 қарашасындағы  Жарлығымен қыркүйектің  үшінші жексенбісі Тілдер күні болып белгіленгендігі мәлім. Елімізді мекендейтін әрбір ұлт өкілдерінің тілдерін дамытуға тиісті жағдай жасалған. Мұның өзі тәуелсіз мемлекетіміздегі ынтымақ-бірліктің арқауы болып отыр. Биыл бұл мереке кеңінен  аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келуде. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында жүргізіліп отырған ұстамды да сындарлы тіл саясаты бүгінгі таңда қазақ тілінің, басқа тілдердің де дамуына қолайлы жағдай туғызып келеді. Облыста 2011-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазтест жүйесі енгізілді. Мұның өзі  мемлекеттік тілді оқып-үйренуге, оның қолданылу деңгейін дәл анықтауға игі септігін тигізуде. Қазір облыс аумағында мемлекеттік тілді білетін тұрғындар саны 62 пайызды құрап отыр, – деп атап көрсете келе, басқарма басшысы әлі де болса, өз ана тілін білуге немқұрайлылық танытып отырған қандастарымыз бен өзге ұлт өкілдерін осы мәселеге жете көңіл бөле түсуге шақырды.
Бұдан кейін бірқатар тіл жанашырлары басқарманың Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық ішкі саясат басқармасы, білім, мәдениет басқармалары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Көкшетау қалалық тілдер және мәдениет бөлімі, облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамдық бірлестігі тарапынан да осындай сый-сияпаттар жасалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар