Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түсіністікпен қарады - АРҚА АЖАРЫ

Түсіністікпен қарады

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагин жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады.

Аймақ басшысының қабылдауына келген облыстық саңыраулар қоғамының төрайымы Любовь Семченко мен Щучинск қалалық оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры
Владислав Нам Көкшетау қаласындағы  облыстық саңыраулар қоғамының ғимаратын жаңарту мәселесін көтеріп, Щучинскіде саңыраулар қоғамына жеке ғимарат беру жөнінде өтініш білдірді. Өз кезегінде аймақ басшысы  жағдайды  көзімен көріп, мәселені содан кейін барып    қарастыратынын жеткізді.
Әкімнің қабылдауында болған қала тұрғыны Қосман Елеушов, Кирпичная 29 «А» мекен-жайы бойынша орналасқан үйді орталық жылу жүйесіне қосуға қол ұшын беруді сұрады. Аталмыш үйде 9 пәтер бар. Облыс  басшысы үйдің жанына балабақша салынып жатқанын айтып, онымен бірге, осы үйді де жылу жүйесіне қосу жоспарда бар екенін жеткізді.
Облыс әкімінің бұл қабылдауына  тұрғын үй, сауда-саттық, әлеуметтік жәрдемақы алу жөніндегі өтініштерімен Бурабай ауданының және Көкшетау қаласының тұрғындары келді. Көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар