Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қала қарекеті - АРҚА АЖАРЫ

Қала қарекеті

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын көркейтіп, көгал-дандыру бағытында қолға алынып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, бірқатар әлеу-меттік және білім  мекемелерін аралап көрді.

Облыс әкімі алдымен М.Горький, Т.Сүлейменов көшелері мен Абылай хан даңғылы бойындағы ағаш отырғызу жұмыстарына назар аударды.  Биыл қала бойынша барлығы 6 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Оның ішінде қарағай, қайың, терек және алма ағаштары бар.
Осыған қарап, бұл жағы көпшіліктің көңілінен шығып отыр  деуге әсте болмайды. Кейбір көріксіз алаңқайлар әлі де болса кездеседі. Мәселен, Абылай хан алаңындағы Қылшақты өзенінің маңын жөнге келтіріп, ағаш көшеттерін молынан отырғызуға болар еді.
Өңір басшысы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіровке қараша айына дейін көшеттерді неғұрлым жиі әрі аса бір ұқыптылықпен отырғызуды тапсырды.
Сонымен қатар, С.Сәдуақасов көшесінің бойындағы аллеяны абаттандыру жұмыстарына да мән берілді. Оны жөнге келтіру үшін Абай Мырзахметов университеті 2,5 миллион теңгеге 0,2 гектар жердің топырағын қопсытып, 67 түп қарағай, 56 түп алма және  46 түп терек ағаштарын отырғызған.
Бұл күні облыс әкімі №2 орта мектепке жапсарлана салынған 500 орындық білім ордасында да болып, педагогикалық ұжыммен және жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Мұнда балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұған дейін үш ауысымда оқып келген мектепке жаңа ғимарат жақсы тарту болып отыр.   
Жеңіс көшесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысқан Сергей Кулагин бұдан әрі және Қазақ саңыраулар қоғамының облыстық  бірлестігінде болды. Мұндағы ғимарат тозып тұр. Ал, қала бойынша есту қабілетінде кемістігі бар 270 адам тіркелген. Осының бәрі ескеріле келе, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшыларына осы санаттағылар үшін  басқа қолайлы ғимарат қарастыру тапсырылды.
Одан әрі облыс әкімі қала іргесіндегі Краснояр селосына барар тас жолдың бо-йында орнатылған жарық бағандарына, осындағы №3 орта мектепке жапсарлана салынған білім ордасының жұмысы мен блокты-модульді қазандықтың құрылысына назар аударды. «Азияэнергопроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне  құны 852,5 миллион теңге тұратын жобаны жеделдету міндеті қойылды.  Ал, мектепте әкім қарттармен кездесіп, алдағы мерекеге орай, әрбіреуіне азық-түлік салынған себет сыйлады.

 

Аслан ОСПАНОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар