Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты.

 Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын және оларды шешу жолдарын БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінен қазақ тілінде баяндады.
Елбасы ХXI ғасырда адамзаттың ең басты міндеті әлемді соғыс қатерінен мүлде арылтатын және оның себептерін жоятын стратегияны жүзеге асыру болуға тиіс екеніне назар аударды. Сол үшін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама – 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу туралы Жалпыға ортақ декларациясын қабылдау  жөнінде бастама көтерілді.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық құқық қағидаттарын жаһандық саясаттың барлық қатысушыларының сақтауы маңызды екенін атап көрсетті және 2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыру идеясын жариялады. Соңында Қазақстан Президенті терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау, жасыл технологияларды дамыту, сондай-ақ, БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру мәселелеріне тоқталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар