Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
4 қазан – Мұғалім күні - АРҚА АЖАРЫ

4 қазан – Мұғалім күні

Құрметті мұғалімдер, педагогикалық еңбектің ардагерлері, білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен құттықтаймын! Мейірім мен шыдамдылық, әрі алдарыңызда тұрған міндетке барынша адалдық танытқандарыңыз үшін ең ізгі құттықтауды қабыл алыңыздар.
Мұғалім күні – біздің еліміздегі бірден-бір маңызы зор, сүйкімі мол мереке болып есептеледі. Адамзаттың зор табысқа жетуі кей кезде елене бермейтін, бірақ, мәні зор мұғалімдердің еңбегімен тікелей байланысты. Бүгінгі күні байтақ әлемде кез-келген ұлттың бәсекеге қабілетті болуы елдегі білім сапасы мен деңгейіне тәуелді.
Мемлекет басшысы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір мектеп бітіруші түлекті қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге шақыруда. Мектеп оқушыларының сыни ойлау қабілеті, ақпараттарды терең талдап, өз бетінше шешімін іздей білуі, талпынуы, талаптануы өте маңызды. Жас толқынның сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан барлық қолайлы жағдай туғызылуда. Соңғы бес жыл ішінде аймақта 30 білім беру мекемелері салынды. Дәл мұндай қарқын Ақмола облысының өткен тарихында болып көрген емес.
Ақмола облысының оқушылары республикалық, халықаралық байқауларға белсене қатысып, пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болып жатса, бұл Сіздердің еңбектеріңіздің жанғаны. 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша облыс оқушыларының арасынан республикалық олимпиадалар мен байқаулардың 47 жүлдегері шықты. Халықаралық ғылыми байқауда 25 оқушымыз топ жарды. Үстіміздегі жылы 84 мектеп түлегі «Алтын белгіге» ие болса, 32 түлек үздік аттестат иегері атанды. Осының барлығы Сіздердің шаршап-шалдығуды білмейтін ерен еңбектеріңіз бен жан жүректеріңіз қалаған мамандықтарыңызға деген адалдықтарыңыздың арқасында.
Біздің облыста зор интеллектуалдық қуат бар. Аймақта қазір 14 мыңға жуық мұғалім еңбек етеді. Сіздер, құрметті мұғалімдер, жоғары білім мен мәдениеттің дәнін себушілерсіздер. Өз бойларыңыздағы денсаулықты, күш-қуатты, оқушыларыңызға деген махаббатты сарқа жұмсай отырып, Қазақстанның жас толқынын мәпелеп өсірудесіздер. Әрбір алдарыңызда білім-тәрбие алған жеткіншектің күні ертең еліміздің асқаралы мақсатын алға апаратын азамат болып қалыптасатындығына сеніміміз мол.
Әрдайым мұғалім жүрегіндегі асқан ақыл-ой мен мейірімділіктің жалын оты лаулап, жас жүректерге қуат бере берсін. Сіздерге табыс пен бақыт тілеймін.

Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.      

 

 

Қадірлі мұғалімдер, оқытушылар мен педагогикалық еңбектің ардагерлері!

 

Сіздерді бәрімізге ерекше қымбат, шуақты мерекелердің бірі – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Осы өмірге лайықты азаматтарды тәрбиелеу – мұғалімдердің негізгі міндеті. Ақмола облысының ұстаздары өздерінің осы бір асқаралы міндетін абыроймен атқарып келеді.   
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыруда Сіздердің қосып отырған үлестеріңіз өте зор. Облыстың білім ошақтарында тындырымды іс атқарылып, жас ұрпаққа бүгінгі заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие берудің жайы атап айтуға тұрарлық. Сіздердің ерен еңбектеріңізді әрбір оқу жылы сайын оқушыларымыз бен студенттеріміздің республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болып, зор жетістіктерге жетіп жүргендігінен анық көруге болады. Мерейлі мереке күні өз істерін адал атқарып, кәсібіне орай шыдамдылық пен терең ыждаһаттылық танытып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.  
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға табыс тілеймін!  

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар