Шынайы құрмет

 4 қазан – Мұғалім күні мерекесіне орай, облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуы-мен көрікті Бурабай баурайында өткізілген салтанатты кездесуде білім саласының дамуына зор үлес қосып келе жат-қан ұлағатты ұстаздар қауымына құрмет көрсетілді.

«Інжу» мейрамханасында ұйымдастырылған мерекелік шарада ұстаздар қауымына шәкірттері ән мен күйден, мың бұралған биден шашу шашса, облыс әкімінің құттықтау тілегі мерейлерін тіпті өсіре түсті. Қиындығы мен қызығы мол мұғалім еңбегінің еліміздің отансүйгіш, білімді азаматтарын тәрбиелеуде зор маңызға ие екендігін айта келе, облыс әкімі Сергей Кулагин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғылым мен білім саласына айрықша көңіл бөліп келе жатқандығына, осы қамқорлықтың арқасында жеткен жетістіктерімізге ерекше тоқталып  өтті.
Шыны керек, біздің өңірімізде де мемлекеттің көмек-қолдауы айқын сезілуде. Жуырда ғана облыс орталығында және Краснояр селосында екі бірдей мектептің қосымша ғимаратының ашылғандығы осы сөзіміздің айқын дәлелі. Қазіргі таңда облыс аумағында 14 мыңға жуық мұғалім жемісті еңбек етуде. Білім ошақтарында 100 мыңға жуық оқушы тәлім алуда. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Облыс әкімі алдағы уақытта облыстағы барлық балалар үйінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілетінін айтып, Сандықтау ауданындағы
№3 балалар үйіне су жаңа екі автобустың кілтін, ал, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасароваға пәтер кілтін салтанатты жағдайда табыс етті.
Сондай-ақ, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін Ақкөл ауданы Наумовка орта мектебінің мұғалімі Наталья Кулигина, Аршалы орта мектебі мен №3 Атбасар орта мектебінің мұғалімдері Ерлан Мағзұмұлы мен Алғадай Битанов, тағы басқалары облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнәр Құлышева да ізгі тілектерін арнап, мұғалімдерге гүл шоқтары тарту етілді.         
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар