Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Жарқайың және Ақкөл аудандарының диқандары машина-трактор паркін жаңарту, интенсивті технологияларды енгізу және сала еңбеккерлерінің қажырлы іс-қимылдарының арқасында облыста бірінші болып егін орағын табысты аяқтады.
Сәтті аяқталған егін орағымен қатар, 2016 жылдың болашақ астығы үшін де берік негіз қаланды. Жоғары сапалы тұқым қамбаға құйылып, пар өңделді.
Қос аудан диқандарының жанқиярлық еңбегі Мемлекет басшысының еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға байланысты қойған міндет үдесінен шығуға қосылған қомақты үлесі болып табылады. Егін орағын сәтті аяқтағандарыңыз үшін менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.