Көне Тараздағы елдіктің тойы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәжілісінде бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Мәнжуов баяндап берді.   

8-10 қазанға жоспарланған негізгі мерейтойлық шаралар «Қазақ хандығы» монументінің салтанатты  ашылуымен бастау алады. Онымен бір мезгілде «Баласағұн» орталық концерт залында «Мәңгілік ел» республикалық ақындар айтысы  өткізіледі. Екі күн бойы Тұңғыш Президент саябағында «Қазақ әлемі» тарихи-этнографиялық, мәдени-сауық кешені қанат жаяды. Ол  Ұлы Дала билеушілері мен көшпенділер өмірінен сыр шертетін  әртүрлі бөлімдерден тұрады. Бұл күндері «Көне Тараз» мұражайы ашылып,  орталық көшелермен «Ұлы Жібек жолы» тарихи керуені және Қазақстан байкерлерінің мотошеруі өтеді.
Еліміз бойынша кеңінен тойланып жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының көне Тараз жеріндегі қорытынды бөлігі орталық стадионда белгілі  жазушы-драматург, сенатор
Жабал Ерғалиевтің «Қилы жол» тарихи драмасының қойылымымен және гала-концертпен аяқталады.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар