Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төраға мен клуб меңгерушісі... - АРҚА АЖАРЫ

Төраға мен клуб меңгерушісі…

Облысымыздың бас басылымы – «Арқа ажары» газетін оқып отырып, Шортанды ауданы Новокубанка ауылында бір көшенің атын Кан Де Хан деп өзгерткенін естіп, алты аласы, бес бересі жоқ, айдаладағы менің өзім қуанып қалдым. Мұны шын жүректен айтып отырмын. Және осы жаңалықпен таныса келе, өмірде болған бір оқиға есіме түсіп, өз-өзімнен ал кеп күлейін. Сонда бұл не күлкі дейсіздер ғой.  Түсіндірейін.

1960 не 1961 жыл ма екен, әйтеуір, осы екі жылдың біреуінде «Мәдениет және тұрмыс», яки, «Жұлдыз» ба, бір журналдан оқығанымның есіме түсе кеткені ғой. Бұған дейінгі колхоз төрағасы шаруашылық экономикасын құлдыратып алады да, оның орнына Хан Де Ханды жібереді. Бұл адам жағдайымен танысайын деп келген күні-ақ клубқа бармай ма. Клуб меңгерушісі жас қазақ әйелі бұны клубқа кіргізбей, қылмайтынды қылады. Себебі, қойылатын фильм махаббат туралы екен. Ал, ол кезде тұтас фильм түгілі, махаббат жөнінде болмашы ғана эпизод болса, 16 жасқа дейінгі жасөспірімді клубтың маңына жүргізбейтін.
Мен өзім әлі күнге жан-тәніммен құптайтын іс. Қазіргідей әдептен жұрдай, ашылып-шашылып жатқанның бәрін бүлдіртіп болған осындай бейәдеп көріністер ғой. Сонымен, әлгі жерде жасы үлкен екенін айтса да, клуб меңгерушісі өтірік айтып, алдап тұрғанға балап, бой бермейді. Шын сөзге түсінер түрі көрінбеген соң, өзінің осы колхозға басшы болып келгенін көлденең тартып көреді. Бірақ, әбден өз міндетін «мінсіз» атқаруға көшіп алған жаңағы клуб меңгерушісі мұны мазақ деп қабылдап, одан сайын шаптығады. «Ойбай-ау, мен осы колхоздың төрағасымын» деп безектесе де, онысынан түк шықпай, ақыры клубқа кіре алмайды. Клуб меңгерушісінің сенбей жүргені жігіттің сырт түрі, бет-бейнесі жас көрінсе керек және тапал бойлы екен. Осы екеуі қосылып, пошым-порымын жасартып тұрады екен.
Енді ол жәйт өтеді-кетеді. Бір күні 5-6 кісі әңгімелесіп тұрады да, жаңағы клуб меңгерушісі «клубымызда дәнеңе жоқ. Ешкім көмектеспейді» деп мұңын шаға бастайды. Сонда топ ішінен біреуі «әй, сен басқарма төрағасына бар, мына келген бұрынғы басшыдай емес, шама-шарқынша көмектесіп жатыр» деп ақыл береді. Бұған қуанып кеткен меңгеруші келесі күні ертемен шаруашылық кеңсесіне қарай құстай ұшады. Ұрықсат алып ішке кірсе, төрағаның орындығында өзі бір сөзіне сенбей, өткенде клубқа жолатпай қойған адам отыр. Осыны көргенде екі көзі шарасынан шығып, не істерін білмей қалшиып тұрып қалады. Кейін Социалистік Еңбек Ері атанған сол Кан Де Хан артта қалған «Қазақ ССР-інің 18 жылдығы» колхозын   Қазақстанды былай қойып, бүкіл Одақты алдыңғы орынға шығарғаны белгілі. Иә, өмірде осындай да қызықтар бола береді екен…

Амангелді АХМЕТЖАНҰЛЫ.

Кенесары ауылы,
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар