Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтарын қадірлейтін ел - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтарын қадірлейтін ел

Германияның аз ұлттар және қоныс аударушылар ісі жөніндегі Федералдық үкіметінің  уәкілі Хартмут Кошик бастаған делегация Ақмолдағы республикалық «АЛЖИР» мұражайында болып қайтты.

Делегация құрамында Қазақстандағы Германияның Төтенше және өкілетті елшісі Гидо Гертц, Федералдық ішкі істер басқармасы мен бөлімінің басшылары Томас Герцог, Александр Шумахер, Герман Бундестагының депутаттары: Манфред Грунд, Филип Ленгсфельд, Штефан Майер, Карин Штренц, Генрих Цертиктер болды.
Сталиннің зар заманында қыз-келіншектер қамалған лагерьдің шерлі тарихымен танысқан шетелдік қонақтар кешенді мұражайдың тарихын жете түсініп, мол мағлұмат алды. Бұдан кейін олар Ақмол елді мекенінің орталығын аралап, жаңадан тұрғызылған нысандарды, салынған жолдар мен ескерткіштерді аралап көрді. Рейхстагқа ту тіккен хас батыр Рақымжан Қошқарбаевтың, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың ескерткіштерінің алдында суретке түсті.
Өндірістік және әлеуметтік саланы назардан тыс қалдырмайтын немістер «Ақмола-Феникс» кәсіпорнының негізгі нысандарында да болды. Социалистік Еңбек Ері, марқұм И.Шарфтың қолымен жасалған көптеген жұмыс нәтижелерін көріп, марқайып қалды. Неміс халқы қай заманда болсын, өз ұландарын қадірлей білген. Олар Шарф туралы бізден тың деректер сұрастырып білді. Өмірі мен еңбегіне айрықша қызығушылық танытты. Еңбекқор неміс ұлтының өкілдері жер шарының қай қиырында жүрсе де бойларындағы өз ұлтына тән  қадір-қасиеттерін жоғалтпайды.
Қазақстан немістері қоғамының жетекшісі Александр Федорович Дедер қысқа мерзім ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бақылауымен тұрғызылған мұражайға жоғары бағасын берді.
–Бұл келешек үшін ұмытылмас сабақ, – деді неміс делегациясының мүшесі А.Дедер. – Кең қолтық, жайсаң мінезді қазақтарға біз әрдайым разымыз. Аудандарыңызды, жаңарған ескі ауылды көріп заман үрдісін сездік. Істеріңізге береке берсін!

Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.

Целиноград ауданы.

Суретте: алманиялық меймандар халқымыздың батыр ұлдары Талғат Бигелдинов пен Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіш мүсіндерінің жанында.

Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар