Мерген – жүлдегер

Қыркүйек айының соңында Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Алаштың арлы ақыны Жұматай Жақыпбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай, «Жұматай – жыр қағаны»  атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраға еліміздің түкпір-түкпірінен және Қытай Халық Республикасынан келген 19 ақын қатысты. Солардың ішінде халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің дипломанты Мерген Тоқсанбай «Жұматай жайлы жаңа жыр» атты туындысын тыңдаушы қауымның назарына ұсынды. Сонымен бірге, Жұматай Жақыпбаевтың шығармаларын жатқа оқып суырылып алға шыққан ақындардың қатарынан көрінді. Байқауға қатысушылардың жалын атқан жырларына Абайтанушы ғалымдары мен тіл жанашырлары бағасын берді. Шамасы таразы басына тарту да оңай болмаса керек, өйткені бірінен-бірі өткен, сөз маржанын тере білетін, кіл арқалы ақындар.
Сөйтіп, қазылар алқасының шешімі бо-йынша жерлес ақын үшінші орынға ие болды. Алаштың айтулы ақындары қатысқан жыр мүшәйрасында жүлделі орынға ие болған Мергенге шығармашылық табыс тілейміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар