Отандық өнім Қытайда таныстырылды

Ақкөл қаласында тұратын кәсіпкер Әсемгүл Жанахметова өз өнімін Қытайдың солтүстік-батыс Шаньси провинциясының Сиан қаласында ұйымдастырылған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерінің тауарлары мен қызметтерінің тұңғыш көрмесінде көпшілікке ұсынды.

Көрме «Жібек жолы елдерінің ынтымақтастығын кеңейту және одан әрі дамуына ықпал жасау» мақсатымен үш күн бойы өтті. Онда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің ықпалдастық жобалары мен үлкен сұранысқа ие инвестиция, энергетика, логистика, транспорт, ғылым және техника, мәдениет пен туризм саласындағы қызметтер мен өнімдер ұсынылды.
Ақмолалық кәсіпкер Әсемгүл Жанахметова Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдері және бақылаушы ретінде қатысып отырған Иран, Үндістан, Пәкістан және Түркіменстан мемлекеттерінен келген қонақтарға өз өнімдерін жақын таныстыру мүмкіндігіне ие болды.  Оның ішінде қолданбалы өнер туындылары бар.
Жалпы, бұл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы құрылған 14 жылдың ішінде ұйымдастырылып отырған алғашқы көрме. Көрменің аумағы 50 мың шаршы метрді құрайды. Төрт павильонға осы беделді ұйымға мүше елдерден әкелінген өнімдер қойылды. Қытай елі аумағы арқылы өтетін Жібек жолы бойында орналасқан қалалар мен провинциялардан әкелінген түрлі өнімдер кеңінен ұсынылды.

 

Аслан ОСПАНОВ

Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар