Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шұжықтың сексен түрін шығарады - АРҚА АЖАРЫ

Шұжықтың сексен түрін шығарады

«Казгру – Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдейтін кәсіпорыны сегіз жылдан бері «Шортанды шұжығы мен деликатесі» сауда маркалы өнімін ішкі азық-түлік рыногына ұсынуда.

Жоғарғы  талаптарға сәйкес, қор биржасындағы валюта бағамының ауысуына қарамастан  экологиялық таза шикізаттан жасалған өнімдерге жыл бойы сұраныс көп. Өйткені, азық-түлік ең тұрақты валюта. Бұны серіктестіктің бас директоры Николас Сирбиладзе мен оның командасы жыл сайын өнім түрлерін көбейтіп, талай рет айғақтады.
– Біздің кәсіпорын Шортанды селосының шетіндегі қалпына келтірілген нан зауытының базасында ашылды, – дейді Николас Давыдович бізбен әңгімесінде. – Австриялық және немістің қондырғыларын сатып алып, мамандарды таңдап алдық. Технологтан өзгелерінің бәрі жергілікті жердің адамдары. Мұнда жүзден аса адам еңбек етеді. Орташа еңбекақы 70 мың теңге. Кәсіпорын қуатының тәулігіне бес тоннаға дейін қазы, жая, қайнатылған және сүрленген шұжық, халал шұжық сияқты сексен түрлі өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Шикізатты «Новокубанский» серіктестігі мен облыстың өзге аудандарындағы мал бордақылау алаңдарынан сатып аламыз. Астананың жақындығы өнімімізді сататын тұрақты рынокпен қамтамасыз етті. Қазір шұжықтар мен өзге өнімдер астаналықтарға белгілі сауда маркасымен қаланың супермаркеттер жүйелерінде, азық-түлік базарлары мен шағын жеке- меншік дүкендері сияқты бес жүз сауда орнында сатылады. Маркетологтар  өзге өңірлерде де сату үшін үнемі жұмыс істейді.
«Казгру-Холдинг» серіктестігі қуатын толық пайдалана алмай отыр. Николас Давыдовичтің айтуынша, тауарларға бай азық-түлік рыногында бәсекелестік қатаң. Осы себептен экспорттық бағыт дамымай отыр. Екіншіден сенімді әрі қызығушылық танытқан серіктесті табу қиын. Мұнда сатуды көптен көтерілмеген баға, барлық технологиялық тізбек кезеңіндегі сапа және ай сайын аталымды ұлғайту есебінен көбейту көзделуде. Кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуына ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерге салынатын салық жүйесінің және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары көмектеседі. 2012 жылы серіктестік соңғы бағдарлама бойынша 1 миллиард теңге алып, ет өңдеу кластерін құру жобасын жүзеге асырды. Шошқа кешені сатып алынып, қалпына келтірілді. Мұнда қазір 8 мың бас ақ тұмсық бағылады.
Өндірісте тағам дәмін, өнімнің сапасын тәжірибелі технолог Гүлмира Салыпкелова (суретте) қадағалайды.
– Сүрлеу кезінде сұйықтың түтіні мен өзге химия әдісі қолданылмайды, – дейді ол сүрлеу цехын көрсетіп.– Емен сияқты ағаштардың ұнтағын пайдаланамыз. Өнімді ұзақ мерзімге сақтау етті сүйегінен айыру цехынан бастап, жартылай шикізатты, дайын өнімді сақтайтын бөлменің тазалығы есебінен жүргізіледі. Өндіріс жұмысы қатаң бақыланады. Кәсіпорында құрылған бактериологиялық және химиялық зертхана күн сайын ет өнімдерінің қажетті көрсеткіштерге сәйкестігін қадағалайды. Кейбір тұтынушылар шұжықта ет жоқ деп ойлайды. Біздің шұжық таза еттен жасалған. Шұжықтың 65 пайызы ірі қараның еті болса, қалғаны құс пен шошқа еті.
   Шортандылық ет өңдеушілер алдында еліміздің өзге өңірлерін игеріп, экспортқа шығу, кірісті көбейту міндеттері тұр. Ол үшін мұнда өзге өндірушілердің шұжықтарына бәсекелес болатын жаңа өнімнің түрлері игерілуде. Рынок зерттеліп, технологиялық үдеріс дамуда. Қондырғыны кезекті жаңғыртудың жоспары жасалды. Сонымен қатар, серіктестік басшылары қарапайым еңбек адамдарының қажеттілігін естен шығармайды. Қолдарынан келгенше көмектеседі.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар