Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғары қасиеттерінің бірі болып табылады. Сол себепті, қазіргі таңда мемлекет тарапынан қарттарға үлкен мән беріліп, жан-жақты қамқорлық жасалып жатыр.
Біз оны сезінудеміз. Аудан көлемінде қандай шара өткізілсе де одан тыс қалған емеспіз. Мәселен, үстіміздегі жылы аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеев бір топ ардагерлерге Бурабайдағы «Жұмбақтас» шипажайына он күнге демалып келу үшін жолдама сыйға тартты. Құрбан Айт мерекесіне орай Мәлғаждар Саттарұлы осы демалыс орнында ақ дастархан жайып, бізді ерекше ықыласпен күтті. Бұл өскелең ұрпаққа үлгі болатын игілігі мол шара болды. Алды сексеннен, арты жетпістен асқан, өмір көрген, сөзі дуалы қариялар бір жасап қалды десек артық айтпағанымыз. Сондықтан, ардагерлердің және өзімнің атымнан аудан әкімі мен ауданның сала басшыларына алғысымды білдіремін.
Алдағы уақытта осындай атпал азаматтардың барында қарттардың еленіп-ескеріліп отыратынына еш шүбә келтірмейміз.
Жәмиля ТӘШІМОВА,
еңбек ардагері, көпбалалы ана.
Қабанбай батыр ауылы,
Целиноград ауданы.