Өмірлері жастарға өнеге

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Қарттар айлығы» аясында студенттер қауымы  соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті.

Оқу ордасының қонақжай дастарханының басында  Тельман Мұқышев, Бүркітбай Батырханов, Асылбек Дәулетов, Жанайдар Рамазанов, Рүстем Шериязданов, Қасқырбай Әбуов, Айдархан Темірбаев және Мағауия Рақымбергенов сынды азаматтар бас қосты. Жүздесу барысында ақсақалдар қазіргі білім беру саласы жайында  келелі әңгіме қозғап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесін талқылаған болатын.
Осы ретте, қонақтар алдында сөз сөйлеген Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, университет президенті Сағынтай Елубаев ардагерлерді білім ошағының «Патриотизм мектебі» бастамасын қолдауға шақырып, мерекелік сыйлықтар табыс етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар