«Сыбағадан» сыбағасыз қалмауда

Ауданда мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Артық айтқандық емес «Сыбаға» ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ең қолжетімді несиелендіру бағдарламасының бірі. Сондай-ақ, бұл осы бағытта өз бизнесін ашуға ниеттенген мал шаруашылығы саласының жұмысында тәжірибесі жоқтар үшін тиімді. Несиелендіру жағдайын жасау кезінде жекеменшік бизнестің қызығушылығы мен мүмкіндігі есепке алынды. Сыйақының пайыздық ставкасы төмен. 14 пайыздың жартысын мемлекет субсидиялайды. Қарыз толтыру жұмысы мен жеңілдік мерзімін кепілдікпен қамтамасыз ету талабы қысқартылған. Атаулы бағдарламаның несиесін «Аграрлық несиелік азық-түлік корпорациясы» береді. Бағдарлама жергілікті жердің сиыры мен ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алуға бағытталған. Сатып алынатын ұрғашы мал 1-4 жылдық болуы тиіс. 30 сиырға бір бұқа сатып алынады.
Өзгеше айтқанда, тауарлық табынның тұқым сапасын жақсартуға басымдық жасалып отыр. Биылғы жылы ауданда 5 шаруашылық бағдарламаға қатысса, екі шаруашылық 53 миллион 250 мың теңге несие алмақшы. Жобалардың жалпы құны 32 миллион 42 мың теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ет бағытындағы 162 бас ірі қара сатып алды. Атап айтатын болсақ, «В. Сураева» шаруа қожалығы 63 бас ірі қара, «Арнұр» жеке кәсіпорны 30 бас, «Михайловский» серіктестігі 30 бас, «Нарнұр» жеке кәсіпорны 17 бас және бір бұқа, «Ғазес» шаруа қожалығы 20 бас ірі қара және 1 бұқа сатып алды. Биыл «Дана» шаруа қожалығы мен «Қожаханов» жеке кәсіпорны 259 бас ірі қара мал сатып алмақшы.
«Сураев В.В» шаруа қожалығы басшысының айтуынша, оған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары көмектескен. Бағдарламаның әрбір тармағын жете түсіндіріпті. Ауыл тұрғындарының көбі несие алуға жүрексінеді. Кейбіреуінің кепілдікке қоятын мүлкі жоқ. Қиыншылықтан қашпайтын адамдарға мемлекет субсидиялау арқылы қолдау көрсетіп, жан-жақты көмектеседі. «Мемлекеттің қолдауынсыз мал басын көбейте алмас едік. Бұл үлкен еңбек. Мал шаруашылығымен көптен бері айналысамыз. «Сыбаға» ауыл адамдары үшін үлкен көмек» – дейді Виктор Васильев.

Меңгүл ЫБЫРАЕВА,
Аршалы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар