Қымбатты ақмолалықтар!
Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке қолдау мен көмекті қажет ететін жандар үшін жүрек жылуын сыйлаған қызметкерлерге деген зор құрмет пен ризашылық. Сіздердің еңбектеріңіз сан тұрғыда өрбісе де, бір мақсатқа біріктірілген. Ол – әлеуметтік-құқықтық қорғауға мұқтаж азаматтарға қамқорлық жасау. Сонымен бірге, нақты бір адамға қол ұшын соза отырып, жалпы мемлекеттік қызметтің шешімін табасыздар. Еңбектеріңіз облысымыздың әр азаматына әлеуметтік әділеттілік пен кепілдіктің қолжетімді болуына бағытталған әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде. Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі.
Сіздер әр зейнеткер мен тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық жасап, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғап, адамдардың бойында жақсылыққа деген сенім отын жағасыздар. Қажырлы еңбектеріңіз қоғамдық ортада құрмет пен жақсылыққа, мейірімділік дәстүрлерінің жандануына бағытталған. Сондықтан, Сіздердің арқаларыңызда көптеген ақмолалықтар ертеңгі күні қысылтаяң сәтте өздеріне көмек болатынына сеніммен қарайды.
Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз жүрек
жылуын сыйлаған жандарды бақыт және қуанышқа кенелтсін. Дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.
Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің
қызметкерлері мен ардагерлері!
Шын жүректен Сіздерді кәсіптік мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздердің күн сайын жасап жатқан қайырымды миссияларыңыз ең биік құрметтерге лайық. Халықты әлеуметтік қорғау әрдайым Президент пен Үкіметтің іске асырып жатқан әлеуметтік саясатының басым бағыттары болып табылады. Бүгін біздің елімізде қарттарды, аз қамтылған азаматтарды, мүгедектерді, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларының әрекетті жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.
Аталған саланы дамытуда Сіздердің үлестеріңізге баға жетпейді. Әлеуметтік қорғау органдарында нағыз кәсіпқойлар, мейірбан әрі бауырмал адамдар жұмыс істейді. Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен көмек-қолдауларыңыз адамдарға ертеңгі күнге деген сенімді ұялатады, оларды жалғыздықтан сақтайды, күрделі өмірлік жағдайлардан шығуға күш-жігер береді.
Сіздерге ауыр еңбектеріңіз және қайырым-дылықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін! Әрі осы мерекелі күні бақыт, денсаулық, сенім мен әл-ауқат тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.