Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметіне тағайындалды.

Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасы лауазымына Президенттің көмекшісі қызметін уақытша атқарушы – Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевты тағайындауға келісім беру жөнінде Парламент Сенатына өз өтінішін жолдаған болатын. Сенаторлар Елбасының ұсынысына бірауыздан қолдау білдірді.
  Данияр Ақышев біліктілігі және мол тәжірибесі бар маман. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академия-сын үздік бітірген. 18 жылдан астам уақыт Ұлттық Банкте еңбек етті, соның жеті жылында төрағаның орынбасары болды. Соңғы уақытта Президент Әкімшілігінде қызмет істеді, еліміздегі ахуал мен экономикалық мәселелерді жан-жақты зерделей білетіндігі атап көрсетілді.
Елбасы Ұлттық Банк басқару жүйесінің, әсіресе мемлекеттік қаржыны басқарудың маңызды элементі болып саналатынын айтты. Қазір банкке және ұлттық валюта – теңгеге деген сенім азайды, бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек.
Мемлекет басшысы алда тұрған мәселелерді шешуге Д.Ақышевтың білімі мен тәжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетіндігіне зор сенім білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар