Боздақтар есімі ел есінде

Ковыленка ауылында осы елді мекен тұрғындарының көптен бері ойларында жүрген игі бір іс жүзеге асырылып, Ұлы Отан соғысында от-жалын кешкен майдангерлерге ескерткіш ашылды.

Ауыл мектебінің ауласында орнатылған ескерткіштің ашылуы Жеңістің 70 жылдығы аясында қолға алынған. Ескерткіш  майдангерлердің ұрпақтары мен демеушілерінің қаражаттары есебінен салынды. Осы орайда, «Колутон-04» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Петр Подоксенов 100 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті.
Ескерткіштің ашылу салтанатына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынай Сейітжанов, Ескі Колутон ауылдық округінің әкімі Владимир Крапивко және ауыл тұрғындары мен меймандар қатысып, көптен күткен қуанышқа ортақтасты. Бұл игі іске бастамашылық танытқан Мария Дидиченконың айтуынша, Ковыленка
ауылынан майданға 94 адам аттанған екен. Олардың барлығының есімі ескерткішке тайға таңба басқандай ойылып, жазылған. Оның жетеуі Марияның бауырлары. Майдангерлердің жартысынан астамы қайтып оралмаған.  Қазір Ковыленка ауылынан шыққан майдангерлердің туған-туыстары көрші Атбасар ауданында тұрып жатыр. Олар ескерткіш орнатылатынын ести салысымен бірден қаржыларын аударып, көмек беріпті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар