Қоржында – азық-түлік

«Kazakhstan Innovations» қоғамдық қоры «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалымен бірлесіп, «Мейірімді жүрекпен!» атты  қайырымдылық акциясын өткізді.

Шараның мақсаты –  облыс орталығындағы тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға әлеуметтік қоржындар үлестіру. Әлеуметтік қоржында сұйық май,  күріш,  қант, қарақұмық, бұршақ сияқты азық-түлік түрлері бар. Белсенді жастар әлеуметтік қоржындарды үйлеріне жеткізіп берді.
Көп балалы ана Марина Бехтольд акцияны ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдіріп,  жақсылық жасау әркімнің қолынан келе бермейтін игі іс екенін атап өтті. Алдағы уақытта осы  науқан аясында Ақкөл ауданындағы балалар үйіне бару, мектепке дейінгі жастағы балғындарға дамытушы ойыншықтар мен оқушыларға спорттық құрал-жабдықтар  сыйға тарту шаралары жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар