Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Парасаттың» мақсаты айқын - АРҚА АЖАРЫ

«Парасаттың» мақсаты айқын

Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде үш жүзден астам адам еңбек етеді. Оның ішінде отыз жеті білікті дәрігер, екі жүзге жуық мейірбике бар. Ұжым өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

  Мұнымен қатар, ұжым облысымыздың қоғамдық-мәдени өміріне де белсене араласуда. Диспансер қызметкерлерінен құрылған хор соңғы екі жыл қатарынан түрлі байқауларда алдыңғы лектен көрінуде. Мұндағы ардагерлер кеңесінің жемісті жұмысы жайлы да біраз жақсы пікірлер айтуға болады. Ал, жуырда емдеу мекемесінде «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымының құрылғаны қызметкерлерге оң серпіліс берді десек, артық айтқандық емес.
Шыны керек, бұл ой бұрыннан көкейімізде жүретін. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының, денсаулық сақтау  саласына зор көңіл бөлуінің арқасында жұмыста айтарлықтай жетістіктерге жетіп отырған диспансер өз ұжымы есебінен «Нұр Отан» партиясының қатарын молайтуды ойластырған еді. Осы мәселе бойынша партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовке жолығып, бұл  өтініш құп алынғаннан кейін үстіміздегі жылдың қыркүйек айында облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанынан «Парасат» бастауыш партия ұйымы құрылады деп шешілді. Ұйым мүшелігіне медицина саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар білікті мамандар, еңбегімен еңселі, өзіндік ой-пікірін ашық айта алатын  қызметкерлер таңдап алынды. Құрамында алпыстан астам мүшесі бар партия ұйымына басшылық қызметте тәжірибесі мол, іскер азамат Аманжол Ахметжанов төрағалық етуде.  
Сондай-ақ, ұйым жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес және партиялық бақылау бекеттері ашылды. Оның жетекшісі болып дәрігер-сарапшы Бақыт Акбарова сайланды. Қазіргі таңда біздің алдымызда «Жас Отан» жастар ұйымын құру міндеті де тұр.  
Осы орайда, «Парасат» тек қағаз жүзінде ғана құрылған ұйым еместігін айта кеткеніміз жөн. Жұмысын бастап кеткен осы екі айдың ішінде ұйымның төрт мүшесі партияның облыстық филиалында азаматтарға қоғамдық қабылдау жүргізді. Мекемеде партияның рәміздері ілініп, әр партия мүшесіне «Нұр Отанның» саяси доктринасы, жұмыс жоспары бекітілген құжаттар таратылды.  Жыл аяғына дейін осы тәрізді әлі талай істерді атқару жоспарланған.
Айнагүл ТЕМІРҒАЛИЕВА,
«Парасат» бастауыш партия ұйымының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар