Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
22 ұйым қатысады - АРҚА АЖАРЫ

22 ұйым қатысады

«Ақмола Медиа Орталығында» өткен баспасөз  мәслихатында Қарағандыдағы «Береке» қоғамдық ұйымының өкілдері «Гүлдену мен дамуға жеткізетін ынтымақтастық» жобасының басталғаны туралы ақпарат берді. 

Жобаның басты мақсаты ауылдардағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс белсенділігін арттыру, оларды әлеуметтік тапсырыстарға мейлінше көбірек тарту, сөйтіп, осы арқылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясында азаматтық секторға қатысты алға қойған міндеттерін орындау болып табылады. 2018 жылға дейін жоспарланған бұл жоба аясында елді мекендердегі қоғамдық ұйымдармен тренингтер, семинарлар өткізу, олардың өміршең жобаларын қаржыландыру көзделіп отыр.
Баспасөз мәслихатында осы мәселелерге тоқталған бағдарлама үйлестірушісі Меруерт Құрмашова үстіміздегі жылы Ақмола облысының жиырма екі  үкіметтік емес ұйымдары арасында сауалнама жүргізілгендігін және оның нәтижесі біздегі азаматтық сектор өкілдерінің белсенділігінің төмен екендігін көрсетіп отырғандығын айтты. Мұның басты себебі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қаржыландырудың аздығы, бірлестік жетекшілерінің аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерімен байланысының төмен екендігінде, үкіметтік емес ұйымдардың көбінде «өзімдікі» деген кеңсенің жоқтығында деп түсіндірілді.
Америка Құрама Штаттары қаржыландырып отырған аталған жобаға қатысуға біздің облыстан барлығы жиырмадан астам қоғамдық ұйым өтініш тапсырған екен. Аршалы, Шортанды аудандарынан төрт қатысушыдан тіркелсе, қалған аудандарда бір-екі үкіметтік емес ұйымнан бар көрінеді. Журналистер қарағандылық меймандарға өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар ала алды.       
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар