Тоқсанның тұғырында

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мүсірәлімова мен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергенов торқалы тоқсан жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Асылбек Дәулетовтың шаңырағында болып, туған күнімен  құттықтады.

  Ұлы Отан соғысы жылдары елімізді басқыншы жаудан азат етуге қатысып, Отан үшін от кешкен Асылбек ақсақалға облыс әкімінің құттықтау тілегін жеткізіп, азық-түлік салынған себетті және гүл шоқтарын тарту етті. Ал, облыстық ардагерлер кеңесінің атынан келген өкілдер қарияға қазақы салт бойынша шапан жапты. Келген қонақтарға мерейтой иесінің де айтар алғысы аз болмады. Қарт жүрегі ақтарыла сөйлеп, елімізге бейбітшілік, соғыс атаулының ешқашан да болмауын, кейінгі ұрпақтың молшылықта, береке-бірлікте өмір сүруін тіледі.
Асылбек ата Ұлы Отан соғысы басталғанда небары 17 жас-та ғана екен. Қазақтың қайсар ұлы Венгрия, Австрия елдерін жаудан азат етуге қатысып, жалынды жастық шағын майдан даласында өткізген. Тек 1950 жылы ғана елге оралып, әртүрлі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарған.    
Соғыс және еңбек ардагері Асылбек Жазыұлын Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та құттықтап, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.      
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар