Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көші-қон жалғасуда - АРҚА АЖАРЫ

Көші-қон жалғасуда

Калачи және Красногорск елді мекендерінен көш-қон әлі де жалғасуда. Державинск қаласына 7, Есіл қаласына 11 отбасы көшіріліп, оларға жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді.

Сөз арасында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Есіл ауданының орталығында 45 пәтерлік екі көпқабатты тұрғын үй салынып, Державинск қаласында 75 пәтерлік үй күрделі жөндеуден өткізілгендігін айта кеткен жөн.
Калачи селосының тұрғыны Григорий Швецов он жылдан астам уақыт бойы өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп келеді. Есіл қаласына көшу туралы бұрыннан-ақ жоспарлап жүрген болатын. Енді ол да алғашқылардың бірі болып жаңа пәтердің иесі атанды. Оған бір бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді.
– Мен жаңа пәтеріме разымын. Мұнда жұмыс та бар. Бірінші байлық денсаулық қой. Менің қоныс аударуыма себеп болған да осы жай, – дейді Григорий Швецов.
Жарқайың ауданындағы Державинск қаласына өткен демалыс күндері жеті отбасы көшіп қонды. Олардың бірі Виктор Крюков бір бөлмелі пәтерге ие болды. Оның айтуына қарағанда, Державинск қаласына көшуі көңілі осы жақтың ауа райын қалағандықтан.
Галина Рябичева алғашқы күннен қуанышқа кенелуде. Тіпті, қуаныштан көзіне жас та келеді. Оның айтуына қарағанда, пәтер жылы да жарық. Ыстық суы мен суық суы ағып тұр.
– Пәтер емес, оймақтай әдемі дүние. Жылылығы соншалықты, тіпті, терезені де ашып қоямыз. Қалашықтың өзі де ұнайды. Бізге осыншалықты қамқорлық көрсеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамыз, – дейді Галина Рябичева.
Қоныс аударғандардың басым көпшілігі өздеріне лайықты жұмыс та тауып алды. Жаңа жердің болашағы да зор, қамқорлығы да мол.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар