Әскерилер пәтер алды

Бүгінгі таңда әскери бөлімдерде де пәтер мәселесі оңайлықпен шешіле бермейтіндігі белгілі.

  Жуырда Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында орналасқан №44813 әскери бөлімнің 38 отбасына салтанатты жағдайда пәтер кілттері тапсырылып, осы олқылықтың орны біраз толды.
Екі қабатты бұл үй әскери бөлімнің аумағында бой көтерді. 35 екі бөлмелік және үш бір бөлмелік пәтерлер тұрмысқа қолайлылығымен көз тартады. Олар ішінара жиһаздармен қамтамасыз етілген. Ақмола пайдалану бөлімі бұрынғы жатақхананы тұрғын үйге лайықтап, қысқа мерзімде сапалы жаңартып шықты.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар