Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жетпіс бестің белесі - АРҚА АЖАРЫ

Жетпіс бестің белесі

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында   «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Алтын сақа» ұлттық ойынын жандандырушы, тіл жанашыры Мейрам Қиықовтың  75 жасқа толуына орай, «Жетпіс бестің белесі» атты салтанатты жиын болып өтті.

Мерейтой иесін құттықтау үшін  зиялы қауым өкілдері мен қызметтес әріптестері  жиналды. Кеш Мейрамбек ағаның  өмір жолына арналған шағын бейнефильмнен бас-тау алды. Одан әрі облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мүсірәлімоваға сөз берілді. Ол еңбегімен елеулі азаматтың  қоғамдық өмірдегі белсенділігін атап өтіп, облыс әкімі Сергей Кулагиннің құттықтау хатын табыс етті.  Сондай-ақ, Ақмола облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева да сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнады.
Мерейтой кешінде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов те   ақ тілегін арнап, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы мүшелерінің Мейрамбек Қиықовқа арнаған өлең шумақтарын оқып берді. Сонымен бірге, зейнет жасына шықса да, жастар тәрбиесіне баса көңіл бөліп, патриотизм рухын қалыптастыруға өз үлесін қосып жатқанын тілге тиек етті. Жиын барысында «Чуваш этно-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Елена Мащинская, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры, ақын Құдайберлі Мырзабек, облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары Дулат Жұрынбаев, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының директоры Марал Жақыпова, облыстық мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Мәрзият Тоқаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-зерттеу кеңесінің мүшесі Ғосман Төлеғұл мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» филиалы Ақмола облысы бо-йынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев қоғам қайраткерін мерейлі жасымен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Кеш барысында көптеген жылы сөздер  айтылып, бірге қызметтес болған азаматтар мерейтой иесінің  іске асырған жобалары туралы әңгіме өрбітті.
Айта кетерлік бір жай, үстіміздегі жылы Мейрамбек аға мен жұбайы Зере апайдың отау құрғандарына елу жыл. Ерлі-зайыптылар өмір бойы сыйласумен, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді қастерлеумен келеді. Бұл екі айтулы  күннің  тұспа-тұс келгені отбасындағы қуанышты еселей түскені анық. Кеш соңында  мерейтой иесі мен жан жары ортаға шығып, жиналған қауымға өз ризашылықтарын білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар