Басты бағыттар қарастырылды

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен селекторлық тәртіпте Үкіметтің кезекті отырысы болып өтті. Оған
облыс әкімі Сергей Кулагин, облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қатысты.

Облыс әкімінің орынбасарлары мен облыс әкімінің аппараты, департаменттер, басқармалар және кәсіпорындар басшылары да тыңдаған.  Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыру бо-йынша шаралар қаралды.  «Көліктік-логистикалық инфрақұрылым» бағыты бойынша 15 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жыл соңына дейін 40 миллиард теңгенің игерілуін қамтамасыз етуі тиіс.
2015 жылдың соңына дейін 929 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп атап көрсетті  «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев. Қазіргі таңда жалпы алаңы 665 мың шаршы метр 11638 пәтерді сатып алуға келісімдер жасалды. Жыл соңына дейін 20 миллиард теңге игерілетін болады. Бұл қаржыға 422 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2015 жылдың жоспары  артығымен орындалуы тиіс.
Ұлттық қордан негізгі бағыттарға бөлінген 178 миллиард теңгенің 138 миллиард теңгесі игерілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының барлық инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруға 100 мыңға жуық адам тартылған.
Индустрияландыру картасы аясында жыл соңына дейін 120 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Осылайша Индустрияландыру картасының жобалары 10 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобының активтері Үкімет тізімді бекіткен жағдайда
15 желтоқсанға қарай жекешелендіруге дайын болады, деп мәлімдеді бұл орайда, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов өңір әкімдеріне индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында іске асырылып жатқан индустриалдық жобаларға ревизия жүргізуді тапсырды.  Үкімет басшысы аталмыш бағдарламаның екінші бесжылдығын түзету жобасын келесі жылдың 1 наурызына дейін дайындауды міндет етіп жүктеді. Селекторлық кеңесте бірқатар облыс әкімдерінің есептері тыңдалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар